Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Суреттер біржола өшеді. Google маңызды ережені өзгертті

0

Google компаниясы пайдаланушылардың Google Фото қызметіндегі өшірілген суреттер мен видеоларды қалпына келтіру мерзімін екі есе қысқартты. Енді файлдар "Себетте" бұрынғыдай 60 күн емес, 30 күн сақталады, содан кейін біржола жойылады, деп хабарлайды Tengri Life 9to5Google сайтына сілтеме жасап.
Не өзгерді?
Бұрын фотосуреттер мен видеолар өшірілгеннен кейін Google Фотоның "Себетіне" түсіп, сол жерде 60 күн бойы сақталатын. Осы уақыт ішінде оларды қалпына келтіруге болатын еді.
Енді Google бұл мерзімді 30 күнге дейін қысқартты.
Бір ай өткеннен кейін файлдар біржола өшеді және оларды Google Фото арқылы қайтару мүмкін болмайды.
Өзгеріс кімдерге қатысты?
Бұл өзгерісті Android Authority пайдаланушылары байқай бастаған. Қыркүйек басында қолданбада жаңа мерзімдер туралы хабарлама пайда болға.
Сондай-ақ ақпарат Google-дың ресми қолдау көрсету бетінде жарияланды. Компания жойылған фотолар мен видеолар "Себетте" 30 күн сақталатынын, содан кейін олардың біржола өшетінін нақтылады.

"Өшірілген фотосуреттер мен видеолар себетте 30 күн сақталады, содан кейін біржола өшіріледі. Біржола жойылған фотосуреттер мен видеоларды қалпына келтіру мүмкін емес", – делінген Google хабарламасында.

Бұған дейін қолдау көрсету бетінде 60 күн мерзімі көрсетілген болатын. Беттің мұрағатталған нұсқаларына сүйенсек, ақпарат 2024 жылғы 4 қыркүйекте өзгертілген - бұған дейін ғана онда ескі мерзім көрсетіліп тұрған еді.
Осылайша, енді Google Фото пайдаланушыларында өшірілген файлдарды қалпына келтіру үшін небәрі 30 күн бар.
Желі қолданушыларының пікірі
Reddit пайдаланушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі бұл өзгерісті аса маңызды емес деп санаса, басқалары, керісінше, мерзімнің қысқаруына наразылық білдірген.

"Уақыттың қысқаруы жалпы алғанда жағымсыз жаңалық, бірақ... 30 күн жеткілікті сияқты. Оның үстіне, мен өмірімде фотосуреттерді ешқашан кездейсоқ өшірген емеспін, әсіресе оны 31–59 күннен кейін байқап қалған кезім болмапты".
"Мен бұл мерзім әрдайым 30 күн деп ойлайтынмын, сондықтан мен үшін көп нәрсе өзгермейді (шындығын айтқанда, жойылған фотоларды өте сирек қалпына келтіремін)".
"Жоқ! Бұл менің жұмыс процесімді мүлдем бұзады!".
"Мүлдем ыңғайсыз. Кейде қажетті кадрды немесе видеоны кездейсоқ өшіріп алып, қатені галереяны кезекті жаппай тазалау кезінде ғана тауып жатасың. 30 күн ішінде файл жай ғана жойылып кетеді, оны қалпына келтіру мүмкін болмайды".

iOS жүйесінде қалай жұмыс істейді?
Салыстыру үшін біз Apple компаниясының өшірілген суреттермен қалай жұмыс істейтінін қарап көрдік.
Компания ақпаратынша, iOS, iPadOS, macOS және visionOS жүйелерінде кездейсоқ жойылған фотосуреттер мен видеоларды "Жақында жойылғандар" альбомынан 30 күн ішінде қалпына келтіруге болады.
Осыдан кейін файлдар біржола жойылады және оларды қайтару мүмкін емес.
Тағы оқыңыз: Google жылдың ең танымал эмодзиін атады






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net