Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қайрат Сатыбалдыұлының қонақүйі 13 миллиард теңгеге сатылымға шығарылды

0

Алматыда бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған Double Tree by Hilton қонақүй кешені сатылымға шығарылды. Нысанның бастапқы бағасы - 12,7 миллиард теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аукциондағы қонақүй

Электрондық сауда сайтында жаңа лот пайда болды - бұл Алматыдағы Double Tree by Hilton қонақүй кешені. Нысанды сатушы - Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.

Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақүйі. Фото: auda.e-qazyna.kz

Лот сипаттамасында қонақүй кешенінің жалпы ауданы 16 196,4 шаршы метр болатыны және оның Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқаны айтылған.

Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақүйі. Фото: auda.e-qazyna.kz

Нысан 0,2581 гектар жер учаскесінде орналасқан. Жер учаскесі жекешелендіру нысанының құрамына кірмейтіні және оның бағалау құнына енгізілмегені, алайда оған деген құқық заңнамаға сәйкес сатып алушыға өтетіні атап өтілген. Нысанға ешқандай тыйым салынбаған, бірақ жер теліміне "Су желісі" ШЖҚ МКК пайдасына сервитут белгіленген.

Анықтама: "Су желісі" - бұл "Алматы Су" холдингінің (Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы) құрылымына кіретін еншілес мемлекеттік кәсіпорын.

Қонақүйдің бастапқы бағасы - 12 759 410 000 теңге, аукцион бағаны көтеру әдісі бойынша өтеді. Сауда-саттық 25 қыркүйекте басталады.

Сондай-ақ, сауда-саттыққа қатысушы жалғыз адам болған жағдайда да сатуға жол берілетіні нақтыланған.

Қонақүй төңірегіндегі даулар

DoubleTree by Hilton қонақүйі Қайрат Сатыбалдыұлының активтерімен байланыстырылады. Таяу уақытқа дейін бұл нысан сот және қоғамдық даудың ортасында болды.

Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда

Бұған дейін Алматы қалалық мемлекеттік мүлік департаменті редакцияның сауалына берген жауабында қонақүй ғимараты 2023 жылғы 18 қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлы мен ведомство арасында жасалған сыйға тарту шарты бойынша мемлекет меншігіне өткенін хабарлаған болатын.

Бұл ретте, департамент мәліметінше, ғимаратты тапсыру кезінде оны "АБЛИ-Құрылыс" ЖШС компаниясы иеленіп отырған, бірақ ведомство деректері бойынша бұған ешқандай заңды негіз болмаған.

2024 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің "АБЛИ-Құрылыс" ЖШС мен Abli-Hotels ЖШС-не нысанды босату туралы талап арызын қанағаттандырды. 2024 жылғы 5 шілдедегі жағдай бойынша сот шешімі Алматы қалалық әділет департаментінде орындалу сатысында болды.

Сондай-ақ ведомство нысанға ешқандай тыйым, шектеу немесе кепіл салынбағанын мәлімдеді. Ресми түрде ғимарат мемлекет меншігінде болғанымен, іс жүзінде оны жеке компания иеленуді жалғастырып келген.

Күшпен басып алу

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Алматыдағы Hilton қонақүйін "күшпен тартып алу" әрекеті жүріп жатқанын айтып, Бас прокуратураға сауал жолдаған болатын.

Оның айтуынша, мүлік қазіргі иелерінен тартып алынып, қонақүй қызметкерлерінен ғимараттан шығу талап етіліп жатыр. Бапи қонақүйде 250-ге жуық адам жұмыс істейтінін, ал бұл жағдайдың шетелдік қонақтардың көз алдында болып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ мәжілісмен нысанның құны төмендетілген болуы мүмкін екенін мәлімдеді: оның дерегі бойынша, нарықтық құны шамамен 12 миллиард теңге болатын қонақүй 4,5 миллиард теңгеге бағаланған. Ол бұл қадам кейіннен аукцион арқылы сатып алу үшін жасалуы мүмкін деген болжам жасады.

Бапи Бас прокуратурадан болып жатқан оқиғаның заңдылығын тексеруді және барлық қатысушы тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беруді сұрады.

Еске салайық, DoubleTree by Hilton қонақүйінің ғимараты мемлекетке өткізілген жылжымайтын мүлік нысандарының тізіміне енген болатын. Ол кезде Антикор қонақүй ғимаратын 6,49 миллиард теңгеге бағаланғанын хабарлаған еді.

2023 жылдың өзінде-ақ Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Hilton қонақүйі төңірегіндегі мәміле туралы мәселе көтерген болатын. Депутаттың айтуынша, Сатыбалдыұлы қамауда отырған кезінде "Baidala" ЖШС-мен 6 миллиард теңгеге сатып алу-сату шартын жасасқан. Сол материалда қонақүй төңірегіндегі жағдайды рейдерлік басып алу деп атаған кәсіпкер әйелдің де ұстанымы келтірілген еді.

Кейінірек Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы құны 732,8 миллиард теңгеден асатын заңсыз иемденілген активтері мен ақшалай қаражатын мемлекетке ерікті түрде қайтарғаны хабарланды. Өткізілген активтердің қатарында Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы, Kaisar Towers бизнес-орталығы, DoubleTree by Hilton қонақүйі және басқа да нысандар аталды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net