АҚШ ирандық танкерлерге соққы жасады, ал Тегеран жауап қатуға уәде берді - БАҚ
Бұл туралы телеарнаға жағдайдан хабардар Вашингтондағы дереккөз хабарлады.
Оның түсіндіруінше, соққылар ИРКК-ның аймақтағы америкалық кемеге шабуыл жасау әрекеттеріне жауап ретінде берілген. Оның айтуынша, Иранның шабуылдары діттеген жеріне жетпеген және америкалық әскери қызметшілер арасында зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, ИРКК АҚШ соққыларына жауап ретінде Кувейт пен Бахрейндегі мұнай танкерлеріне шабуыл жасайтынын айтып, сес көрсетті.
"Америкалық әскерилердің Иранның бірнеше мұнай танкеріне қарсы бағытталған іс-қимылдарынан кейін, біз осы күштерді қабылдайтын және олардың әрекеттеріне қатысы бар Кувейт пен Бахрейн порттарындағы барлық мұнай танкерінің экипаждарына ескертеміз: зәкірде немесе айлақта тұрғанына қарамастан, кемелеріңізден дереу кетіңіздер, себебі олар шабуыл нысанына айналады", - делінген мәлімдемеде.
Кейінірек АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық күштердің Иранның шикі мұнай таситын бес танкерін жойғанын растап, әлеуметтік желілерде видео жариялады.
CENTCOM күштері 8 қыркүйекте Ислам революциясы күзеті корпусы (ИРКК) соңғы екі күнде АҚШ Әскери-теңіз күштерінің әскери кемесіне баллистикалық зымырандармен екі рет шабуыл жасағаннан кейін Иранның шикі мұнай таситын бес кемесін жойды. АҚШ-тың әскери кемесі Иранның шабуыл әрекеттерінен сәтті жалтарып... pic.twitter.com/Gi8a2tloN1
— АҚШ Орталық қолбасшылығы (@CENTCOM) September 8, 2026
Тағы оқыңыз: Иран Ормуз бұғазы толық жабылғанын мәлімдеді
