Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Бетпе-бет“: Шығыс Қазақстан тұрғындары аюмен кездесу туралы айтып берді

0

Шығыс Қазақстанда аюлар адамдарға жиі көріне бастады. Маусым басталғалы бері мамандарға елді мекендердің маңында жыртқыштардың пайда болғаны туралы 40-тан астам хабарлама түскен. Кей жерлерде тұрғындар қараңғы түскеннен кейін үйден шығуға қорқады, деп хабарлайды Tengri Life Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Риддер маңындағы Шаравка ауылының тұрғындары үшін аю бұдан былай орманнан келетін сирек қонақ емес. Мұнда маймақтарды күн сайын кешке, тіпті кейбірін күндіз де көреді. Жыртқыштар екінші жыл қатарынан ауыл тұрғындарын үрейде ұстап отыр, бірақ биылғы жазда жағдай тіпті қиындап кетті. Осы елді мекеннің тұрғыны Наталья Копылова бірде жайылымда аюмен бетпе-бет келген.

"Бұл өте қорқынышты! Түсінсеңіздер, мен онымен бетпе-бет келдім! Мен күн сайын Шаравканың іргесіндегі шабындықтар мен егістіктерге мал іздеп шығамын. Қай бұтаның артында ол мені күтіп тұрғанын білмеймін", – дейді ол.

Аюлардың неліктен тұрғын үйлерге жақындай бастағанын жергілікті халық түсінген сияқты. Орманда аңдарға үйреншікті азық жетіспейді. Көктемгі үсік пен құрғақ жаз жидек, саңырауқұлақ пен жаңғақ өніміне теріс әсерін тигізді. Ал бақшаларда қазір қорек мол. Аюларды әсіресе алма қызықтырады. Ауыл тұрғындары олардың ізін өз аулаларынан жиі тауып жатыр, делінген материалда.
Бірақ бау-бақшаға шабуыл жасау – мәселенің бір бөлігі ғана. Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету жасағының мамандары адам өміріне де қауіп төнуі мүмкін екенін айтады. Елді мекендерге аюлардың келгені туралы хабарлама түскенде, оқиға орнына дәл осы мамандар шығады.

"Риддерде аюдың адамға шабуыл жасау оқиғасы тіркелді. Ара өсіру шаруашылығында (пасека) жұмыс істеп жатқан адамға кенеттен аю тап берген. Маңайда екі адамның болғаны жақсы болды, олар жыртқышты үркітіп, арашалап алды. Соған қарамастан, зардап шегуші көптеген жарақатпен және ашық сынықтармен ауруханаға түсті", – деді орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету жасағы бастығының орынбасары Сергей Карманников.

Енді жедел топтың міндеті – шақырылмаған қонақтарды үркітіп, орманға қайта айдау. Оларды іздеу үшін бригадалар жылувизорлар мен дрондарды пайдаланады, деп түсіндіріледі сюжетте. Бір аптаның ішінде тек Риддер маңынан 10 жыртқыш анықталған. Ал жаз бойы өңірде аюлар 40-тан астам рет байқалды – Алтайда, Серебрянскіде, Ұлан және Марқакөл аудандарында, тіпті Өскеменнің өзінде. Аса қауіпті жағдайларда инспекторларға жануарларды атуға рұқсат берілген.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net