Тоқаев Эмомали Рахмонды құттықтады
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмон мен оның отандастарын Тәжікстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.
Президент Тәжікстанның егемендік жылдарында мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ әлемдік аренада ұлттық мүддені қорғау мен ілгерілету ісінде зор табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
"Қазақстан халқы еліңіздің жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз достық қарым-қатынас пен өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына құт-береке тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
