Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Түзету орталығындағы балаға қатысты даудан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

0

Павлодар облысының ювеналды сотында 20 жастағы дене шынықтыру нұсқаушысына қатысты үкім шықты. Жас жігіт ерекше балаларға арналған орталықтың 4 жасар тәрбиеленушісіне қатал қарағаны үшін кінәлі деп танылды, бірақ рақымшылық бойынша жазадан босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Оқиға былтыр қазанда Екібастұздағы жекеменшік балалар түзету орталығында болған. Бейімделген дене шынықтыру нұсқаушысымен өткен сабақтан кейін аутизм спектрі бұзылған бүлдіршіннің қолы жарақаттанған. Дәрігерлер сүйек шытынағанын анықтап, гипс салып берген.
Сол күні қыздың ата-анасы бейнебақылау камерасындағы жазбаны қарап, көргендерінен шошып, полицияға арыз түсірген.
Полиция кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау және оған қатыгездікпен қарау фактісі бойынша іс қозғап, тергеу жүргізді.
Кінәсін мойындамады
Сотта жас жігіт кінәсін мойындамады. Ол түзету орталығында тәжірибеден өткенін айтты. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ол қыздың аяғына отырып алып, бала тұрмақ болғанда басынан итерген сәтін "ол мені тістеп алды" деп түсіндірді.
Алайда сот аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған орталықтағы сабақ кезінде сотталушының күш қолданып, баланы өз еркіне қарсы жаттығулар жасауға мәжбүрлегенін анықтады.
Іс бойынша төрағалық етуші судья Жұлдыз Камалованың айтуынша, дене шынықтыру нұсқаушысы қыздың диагнозы туралы білген.

"Бірақ ол кішкентай баланың жағымсыз психоэмоционалды жағдайын елемей, білегінен ұстап, баланың аяғы еденде сүйретіліп бара жатса да, зал ішінде мәжбүрлеп қозғалтқан. Баланың қорғаныс реакциясы, атап айтқанда тістемек болғаны үшін нұсқаушы оны басынан итеріп жіберген, салдарынан бала басымен еденге құлаған", - деді судья.

Оның айтуынша, сонымен қатар сотталушы бүкіл денесімен баланың аяғына отырып алып, ол босап шықпақ болғанда артқа қарай жұлқыған. Заңсыз әрекеттер жарты сағатқа жуық жалғасқан.
Сот шешімі
Сот жас жігітті Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамай, қатыгездікпен қарау" бойынша кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ үш жылға педагогикалық қызметпен және балалармен жұмыс істеу құқығынан айыруға үкім кесті. Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық негізінде ол жазасын өтемейтін болды.
Сот алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылуын және жас ерекшелігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Ал кінәліге тәуелді жағдайдағы жас балаға қатысты қылмыс жасауы ауырлататын мән-жай деп танылды.

"Сотталушы негізгі жазаны өтеуден босатылды, өйткені бұл қылмыс аса ауыр емес санатқа жатады және рақымшылыққа ілінеді. Бірақ рақымшылық қосымша жазаға қолданылмайды. Сотталған адам үкім заңды күшіне енгеннен кейін 10 тәулік ішінде есепке тұру үшін пробация қызметіне баруға міндетті", - деп атап өтті судья.

Сонымен қатар ер адам отбасына 500 мың теңге өтемақы төлеуі тиіс. Қыздың анасы үкімнің рақымшылық қолдану бөлігімен келіспейтінін мәлімдеді.

"Рақымшылық қолданыла беретін болса, мұндай қылмыстар жалғаса беруі мүмкін. Азаматтық талап арызға келсек, оның қанағаттандырылғаны жақсы, себебі ол менің бір жыл бойы адвокаттар қызметіне жұмсаған шығындарымды жабады. Ал моральдық зиянға келер болсақ, ашығын айтқанда, қызымның шеккен азабын 500 мың теңгемен бағалай алмаймын", - деді жәбірленушінің анасы Самал Нұрашева.

Әйелдің айтуынша, қазір 5 жасар қызы ұзақ уақытқа созылған оңалтудан өтіп жатыр. Қыз бала Екібастұздағы мемлекеттік балабақшаға және мамандандырылған түзету орталығына барады.
Анасының сөзінше, қабылданған ем мен күнделікті сабаққа қарамастан, балада психологиялық зақым салдары - ұйқының бұзылуы және бейтаныс адамдардан қорқу сақталып қалған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net