Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Атырау тұрғындары қолқаны қабатын иістен тұншығып жатыр: АМӨЗ-ге тексеріс жүргізілмек

0
Кейінгі күндері Атырау тұрғындары ауаның сапасы нашарлап, жағымсыз иістің пайда болғанына шағымданып жатыр. 7 қыркүйекке қараған түні қаланың бірнеше ауданынан хабарламалар түсіп, AirKZ деректері кейбір нүктелерде күкіртсутегінің шекті рұқсат етілген концентрациясынан бірнеше есе асып кеткенін көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ұйықтап жатқанда бізді улап жатыр ма?"
Тұрғындардың жағымсыз иіске қатысты алғашқы шағымдары 5 және 6 қыркүйекте пайда болды. Алайда 7 қыркүйекке қараған түні жағдай ушығып, Атыраудың бірнеше ауданынан ауа сапасының нашарлағаны туралы хабарламалар жаппай түсе бастады.
Тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде пәтер терезелері жабық болса да, өткір иістен оянып кеткенін айтты.

"Қолқаны қабатын иістен оянып кеттім, терезені ашайын деп сыртқа қарап, көргенімнен шошып кеттім. Алғашқыда газ шығып жатыр ма деп ойладым! Терезелер жабық, бірақ үйде иіс сезіліп тұр, сыртта не болып жатқанын елестете алмаймын. Біз ұйықтап жатқанда улап жатыр ма?" - деп жазды ол.

Пікір қалдырушылар денсаулықтарының сыр бергенін де айтты: кейбірі жөтел мен бас ауруына шағымданған.

Threads.com әлеуметтік желісінен скриншоттар

"Ақ Жайық" мәліметінше, 7 қыркүйекке қараған түні Ақшағала, Жилгородок, Нұрсая және Авангард аудандарынан жағымсыз иіс туралы хабарламалар түскен. Ақшағалада сағат 04:00 шамасында AirKZ күкіртсутегінің концентрациясын текше метрге 24,6 микрограмм деп көрсетті, бұл шекті рұқсат етілген мөлшерден (8 микрограмм) 3,1 есе көп.
Жилгородокта сағат 05:00 шамасында бұл көрсеткіш текше метрге 96,7 микрограммға жетті, бұл нормадан 12 еседен астам жоғары. Авангардта тұрғындар концентрацияның 60 микрограммға дейін жеткені туралы деректерді жариялады.
Билік тексеріс бастады
Тұрғындардың шағымынан кейін Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов тапсырма беріп, тиісті қызметтерге ластану көзін анықтауды және қосымша тексерулер жүргізуді тапсырды.
Мамандар шығарындылардың ықтимал көздерін тексерді. Сондай-ақ әкім "Сасық сай" (Тухлая балка) булану алаңдары мен Атырау мұнай өңдеу зауытының булап-тазалау станциясына барды. Бұдан бөлек, билік ауа сапасын бақылаудың өңірлік жүйесі жобасын әзірлеуді ұйғарды.
Экология департаменті не дейді?
Атырау облысы бойынша экология департаменті 1–2 қыркүйекте мамандар Өркен, Балықшы, Нұрсая және Самал шағын аудандарында ауаның 108 сынамасын зерттегенін хабарлады. Ол кезде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу деректері анықталмаған.
5 қыркүйекте тұрғындар "109" қызметіне ауа сапасына шағымдана бастағаннан кейін, мамандар қаланың бірнеше учаскесінде қосымша өлшеулер жүргізді. Тізімге №23 бекет, Химпоселоктағы Қабдолов пен Ақын Сара көшелерінің қиылысы, Жеңіс саябағының жанындағы №109 "Восток" бекеті, Азаттық даңғылы, 169 мекенжайындағы "Самал" бекеті, Нұрсаядағы "Торговая база" ауданы, сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытының санитарлық-қорғау аймағынан тыс жерде орналасқан №13 "Ақшағала" бекеті және АМӨЗ аумағындағы №2 "Пропарка" бекеті енді.
Экологтар ауадағы күкіртсутегі, күкірт диоксиді, көмірсутектер мен көміртек оксидінің мөлшерін тексерді. Барлығы 126 сынама зерттелді, бұл өлшеулердің қорытындысы бойынша да шекті нормадан асу байқалмады.

"5-нен 6-на және 6-нан 7-не қараған түні жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша, қаланың қоныстану аймағындағы "Восток" ауа сапасын бақылау станциясы маңында, сондай-ақ Химпоселок және Привокзальный шағын аудандарында алынған сынамаларда изопропилбензол, диэтилбензол және көміртек оксиді бойынша гигиеналық нормативтердің бірнеше есе артқаны анықталды", - деп хабарлады департамент.

Бұл өлшеулер жүргізілген кезде жел оңтүстік пен оңтүстік-батыстан соққан. Дәл осы бағытта Атырау мұнай өңдеу зауыты орналасқан.
Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов те 31 тамыздан 7 қыркүйекке дейін қалада оңтүстік-шығыс және оңтүстік бағыттағы желдің тұрақты соққанын мәлімдеді.

"Осы бағытта орналасқан ластану көздерінің бірі - Атырау мұнай өңдеу зауыты", - деді ол.














Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

АТЫРАУ l ЭКСКЛЮЗИВТІ ЖАҢАЛЫҚТАР ???? (@atpress.kz) жарияланымы


АМӨЗ-ді тәуелсіз сарапшылармен бірге тексереді
Экология департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-не қатысты кешенді тексеру тағайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Атмосфералық ауаны бақылау жұмыстары жалғасатын болады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net