Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматы облысында зейнеткер жол апатынан қаза болды: қызметтік көлік тізгінінде кім отырған?

0
Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін тек ЖКО емес, жүргізушіні ауыстыру ықтималдығы да тергеле бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Тамызда Алматы - Қорғас тасжолында қызметтік көлік белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған зейнеткерді қағып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан көз жұмды. Соқтығысқаннан кейін көлік оқиға орнынан кетіп қалған.
Іс материалдарына сәйкес, рөлде ХҚКО-ның 26 жастағы қызметкері болған. Ол ұсталып, қамауға алынды. Алайда күдіктінің туыстары апат кезінде көлікті ол емес, оның басшысы басқарғанын айтып отыр. Басшысы жас қызметкерден оны Алматыға апарып тастауды өтініп, кейін жауапкершілікті өз мойнына алуды ұсынған көрінеді.

"Алғашқы жауап алу кезінде ол рөлде болғанын айтқан. Бірақ бірнеше күн өткеннен кейін кездесуге әрең рұқсат алған кезімде, ол маған рульде өзі емес, ХҚКО басшылығы болғанын мойындады. Мен осы апатты көрген-білгендерден, бәлкім біреуде бейнежазба бар шығар, рульде нақты кім болғанын көрсетуді сұраймын. Менің ұлым бастығы не айтса соны істейтін өте сенгіш бала", - деді күдіктінің анасы Саламат Азаматова.



"Өз айғақтарында ол апат кезінде шынымен де қасында болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, оның айтуынша, оқиға орнынан кетуге дәл осы бастығы бұйрық берген. Тергеу қылмыстық істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге міндетті. Сондықтан қазір сұрау салу жіберіп, барлық бейнебақылау камераларын тексеру қажет. Камералар арқылы көліктің сол күнгі бүкіл бағытын анықтау керек", - деп атап өтті адвокат Ғабит Өмірбек.


Қазір туыстары шындықты білуге тырысып жатыр. Олардың айтуынша, көлікте бейнетіркегіш болмаған. Тағы бір маңызды деталь - куәгердің түсініктемесі. Ол көлік тоқтағаннан кейін оның ішінен бір емес, бірнеше адам шыққанын алға тартады.

"Көлік қағып кетіп, 80 метрдей жүріп барып тоқтады. Меніңше, қателеспесем, үш есік ашылды. Бірақ бұл нақты емес, 100 пайыз айта алмаймын. Ол жерден екі-үш ер адам шықты", - деді апат куәгері.

ХҚКО-ның өзі бұл нұсқаны жоққа шығарып отыр. Ондағылардың мәлімдеуінше, жас қызметкер қызметтік көлікті рұқсатсыз мінген. Оның үстіне, сол күні көлік жөндеуде болған. Оқиғадан кейін мекеме басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ал 26 жастағы күдікті Талдықорғандағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әзірге басты сұрақ ашық қалып отыр: рөлде шынымен ХҚКО қызметкері болды ма, әлде тергеу қайғылы сапардың басқа қатысушысын анықтай ма? Бұл сұрақтың жауабын сараптамалар, камера жазбалары, куәгерлердің айғақтары және қылмыстық істің басқа да материалдары беруі тиіс. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол төрт жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net