Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жақыныңызды “жедел жәрдем” алып кетті: қазақстандықтарға SMS хабарлама келе бастайды

0
eGov.kz электрондық порталында және eGov Mobile мобильдік қосымшасында шұғыл емдеуге жатқызу туралы хабарлама жіберетін жаңа тегін сервис іске қосылды. Пайдаланушы алдын ала үш сенімді тұлғаға дейін көрсете алады. Ауруханаға жатқызу тіркелген соң оларға автоматты түрде SMS жіберіледі.
Жаңа сервис қалай жұмыс істейтінін және жақындары нақты қандай мәліметтер алатынын Tengri Health тілшісі анықтады.
Туыстары ауруханаға жатқызу туралы қалай біле алады?
Сервисті пайдалану үшін қолданушы eGov.kz порталында немесе eGov Mobile қосымшасында сенімді контактілерді тіркеуі қажет. Үш адамға дейін көрсетуге болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
eGov.kz порталында сенімді контактіні қалай тіркеуге болады

eGov.kz порталында авторизациядан өту.
Одан кейін "Емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу" қызметін таңдау керек.
Содан соң сенімді тұлғаның ЖСН-ін көрсету қажет. Ол 18 жастан асқан және мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс.
Бұдан кейін дербес деректерді өңдеуге және денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді беруге келісімді растап, сұранысты жіберу керек.


"Көрсетілген адамға тіркеуді растау немесе одан бас тарту туралы ұсыныспен SMS келеді. Растау үшін 911 кодымен, бас тарту үшін 912 кодымен жауапты SMS жіберу қажет. Шешім қабылдауға бес сағатқа дейін уақыт беріледі", - делінген хабарламада.

Егер адам тіркеуді растаса, пайдаланушы сұранысқа қол қояды. Осыдан кейін сенімді тұлға туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне беріледі.
eGov Mobile қосымшасында контактіні қалай тіркеуге болады

Қосымшаның басты бетінде "Мемлекеттік қызметтер" бөлімін таңдау қажет.
Содан кейін "Денсаулық сақтау" бөліміне өтіп, "Емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу" қызметін табу керек.
Одан әрі тіркеу процедурасын порталдағыдай ретпен орындау қажет.

Өтінімді Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен өңдеу 10 минутқа дейін уақыт алады.
Ауруханаға жатқызу туралы SMS қашан келеді?
Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті директорының орынбасары Айдар Қасенов хабарлама медицина қызметкері пациенттің ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпаратты тіркегеннен кейін автоматты түрде жіберілетінін түсіндірді.
Жақын адамға SMS 1414 нөмірінен келеді. Хабарламада адамның ауруханаға жатқызылғаны, сондай-ақ медициналық ұйымның атауы мен мекенжайы көрсетіледі.
Осылайша, туыстарына пациенттің өзі хабарласқанын күтудің қажеті болмайды. Олар оның қай медициналық мекемеге жеткізілгенін біліп, қажет болған жағдайда өзі немесе ауруханамен байланыса алады.
Егер пациент өзін таныстыра алмаса не істеу керек?
Айдар Қасенов адам ауруханаға құжатсыз жеткізілген немесе өзі туралы мәлімет бере алмайтын жағдайларға жеке тоқталды.

"Егер адам есімін айта алмайтын немесе өзі туралы мәлімет бере алмайтын жағдайда болса, дәрігерлер пациенттің кім екенін анықтау үшін полицияны тарта алады", - деді спикер.

Сенімді контактіні тіркегеннен кейін оның өзекті мәртебесін eGov.kz порталындағы "Менің профилім - Жеке кабинет" бөлімінен, ал eGov Mobile қосымшасында - "Хабарламалар - Жеке кабинет тарихы" бөлімінен тексеруге болады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net