Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандық аңызға айналған чемпион мансабын аяқтайтынын жариялады

0
Шорт-тректен Азия ойындарының 34 жастағы чемпионы Абзал Әжғалиев кәсіби мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tengri Sport спортшының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Еліміздің тарихында шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің алғашқы жеңімпазы және төрт Олимпиада ойындарының қатысушысы бұдан былай жаттықтырушылық қызметке ауысатынын мәлімдеді.

"Шорт-трекпен алғаш рет 24 жыл бұрын таныстым. Содан бері бұл спорт түрі өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды. Ал 2009 жылдан бастап Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғау бақыты бұйырды.Осы жылдар ішінде барлық қашықтықтар бойынша Қазақстан чемпионы атандым. Ел тарихындағы алғашқы Әлем кубогының алтын медалін иеленіп, халықаралық жарыстарда талай мәрте тұғыр биігінен көріндім. Төрт Олимпиада ойындарына қатысу және Қазақстан туын олимпиада аренасына екі рет алып шығу мәртебесіне ие болдым. Мен үшін бұл - ең үлкен мақтаныш.Спорт мені тек жарысуға ғана емес, мінезді болуға, тәртіпке, төзімділікке және Отан алдындағы жауапкершілікке үйретті. Осы жолда әр жарыс сайын Қазақстанның абыройын асқақтату үшін бар күш-жігерімді салдым. Биыл кәсіби спортшы ретіндегі мансабымды аяқтауды жөн көрдім. Кез келген спортшының жолында жаңа кезең туады", - деді Абзал.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ол сүйікті спортынан алыстамайды. Таяу уақытта Әжғалиев жаттықтырушылық жұмысқа кіріседі.

"Менің алдағы мақсатым - осы жылдар ішінде жинаған тәжірибем мен білімімді қазақстандық спортты дамытуға жұмсау. Ұлттық құраманың жанында болып, жас спортшыларға бағыт-бағдар беруді және Қазақстан шорт-трегінің болашағы үшін еңбек етуді өзімнің азаматтық әрі адамдық борышым деп санаймын. Мен үшін ең маңыздысы - келесі буынның бұдан да биік белестерді бағындыруы", - деп атап өтті спортшы.

Еске сала кетейік, Абзал - Қазақстанға шорт-тректен Азия ойындарында тарихтағы тұңғыш алтын медальді сыйлаған эстафеталық команданың мүшесі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Abzal Azhgaliyev (@abzal_azhgaliyev) жарияланымы


Абзал Әжғалиев - мәселелерді ашық айтудан қорықпайтын Азиада чемпионы
Шорт-трек көбіне жекелей спорт түрі болғанына қарамастан, Әжғалиев - нағыз командалық ойыншы. Оның қоржынында Азия ойындарының барлық дәрежедегі медальдары бар және олардың әрқайсысы, соның ішінде 2025 жылғы алтын да эстафетада иеленген.
Абзалдың карьерасында Олимпиада медалі де өте жақын болды. 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында ол 500 метрлік қашықтықта финалға дейін жетіп, төртінші орынға ие болды.
Абзалдың спорттық жолында Олимпиада медалі де өте жақын болған еді. 2022 жылғы Бейжің Ойындарында ол 500 метрлік қашықтықта финалға дейін жетіп, төртінші орынды иеленді.
Ойындардан оралған соң, Әжғалиев ұлттық құраманың дайындығындағы түйткілдер туралы резонанстық жазба жариялап, кейінірек берген ауқымды сұхбатында өз ойын егжей-тегжейлі түсіндірді.

"Басқа елдерде ұлттық құрама уақытты өзі таңдайды, өз кестесін сызады, ал қалғандары соларға бейімделеді. Себебі бұл - ұлттық құрама. Ал бізде ұлттық құрама басқаларға жалтақтайды. Кім көп төлесе, соған көбірек уақыт беріледі. Мұз айдыны - жеке меншік, ақша табу керек. Кім төлейді, соған уақыт көп. Тіпті өзіміздің киім ауыстыратын бөлмеміз де жоқ", - деген болатын спортшы.

Сол кезде оның айналасындағылар мәселені ашық айту оның карьерасына нүкте қоюы мүмкін деп қауіптенгендер де болды.

"Мен бұл ойымды айтуға ұзақ дайындалдым. Бұны өзім жазғанымды ашық айтамын. Қазір маған назар аударылып отыр, мен осы назарды дұрыс пайдаланғым келді. Осы арқылы көптеген балаға, өскелең ұрпаққа көмектесе аламын. Біздегі негізгі мәселе - мұз сарайы. Мен бұл жазбаны жариялағанда, кейбіреулер маған: "Өшіріп таста, мансабыңа балта шабылады", - деді", - деп мәлімдеді ол.


Карьерасындағы соңғы Олимпиадада Әжғалиев жекелей қашықтықта жартылай финалға шыға алмаса да, іріктеу кезеңіндегі ерекше жеңісті мәресімен бүкіл әлемнің есінде қалды.

Жалпы алғанда, Абзалдың есебінде төрт Олимпиада ойындарына қатысу (оның екеуінде ту ұстаушы болды), сондай-ақ шорт-тректен Әлем кубогы кезеңдерінің көптеген марапаттары бар.
Чемпионның көңіл күйін не көтереді?
Абзал өзінің соңғы Олимпиадасына аттанар алдында Tengri Sport тілшісі шорт-тректен ұлттық құраманың жаттығуында болған еді.
Спортшылар мұзға шығуға дайындалып жатқанда, бір қызық деталь көзге түсті - Әжғалиевтің конькиінің астында мұндай байсалды спортшының бейнесіне аса үйлеспейтін, түрлі суреті бар шұлықтар болды. Абзал мұндай шұлықтар оның көңіл күйін көтеретінін түсіндірді.

"Мен суреті немесе жазуы бар заттарды жақсы көремін. Оған қарасам, көңіл-күйім көтеріледі, конькиімді киіп, жөнеле беремін. Сосын конькиді шешкенде қарасам, онда "Тезірек, биігірек, күштірек" деген секілді жазулар немесе жай ғана мультфильм кейіпкерінің суреті болады. Оны көріп, өзіме ұнайды, солай көңіл-күйімді көтеріп аламын. Кейде тақырыптық шұлықтар киюім мүмкін. Маған бұл ұнайды", - деп жауап берген еді сол кезде спортшы.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Антон Бованың жарияланымы (@spor_tjob)





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net