Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандықтар байланыс пен интернеттегі ақау туралы хабарлады: операторлар не дейді?

0

Қазақстандықтар түрлі операторлардың мобильді байланыс пен интернет жұмысындағы ақаулар туралы хабарлап жатыр. Байланыс операторлары бұл жағдайға қатысты қандай пікір бергенін Tengrinews.kz материалынан оқыңыздар.
Мәселе неде?
Кейінгі күндері Tengrinews.kz редакциялық нөміріне шағымдар түсіп, әлеуметтік желілерде де тарап жатыр. Пайдаланушылар желінің жоғалып кетуі, интернеттің баяулығы туралы айтып жүр.
Оқырмандардың бір бөлігі Beeline жұмысына шағымданды. Солардың бірі:

"Айтып жібересіздер ме, бәрінде интернет, әсіресе Beeline қалыпты жұмыс істеп тұр ма? Үйдегі интернет мүлдем істемей қалды, мобильді интернет әрең істеп тұр. Сервистер техникалық ақау деп жатыр, ал колл-орталықтар мүлдем жауап бермейді".

Желідегі мәселелерге Altel пайдаланушылары да шағымданды. Жазбалардың бірі Threads желісінде жарияланды. Автор күн бойы желінің үнемі жоғалып, қайта пайда болғанын жазады.
Threads әлеуметтік желісінен скриншот
Операторлар не деп жауап берді?
Tengrinews.kz сервистердің жұмысында іркілістер болған-болмағанын анықтау үшін барлық байланыс операторына сауал жолдады. Компаниялардың жауабына сүйенсек, жаппай іркіліс тіркелмеген. Барлық оператор дерлік өз желілерінің жұмысынан ешқандай ақау таппағанын хабарлады.
Beeline
Beeline компаниясы Tengrinews.kz тілшісіне ішкі жүйелерді жоспарлы жаңарту жұмыстарын жүргізгенін хабарлады. Осыған байланысты кейбір функциялар уақытша қолжетімсіз болған.

"Кейбір операциялар, мысалы, тарифтік жоспарды ауыстыру, қосымша қызметтерді қосу және өшіру, сондай-ақ басқа да функциялар уақытша шектелді. Біз алдағы жұмыстар туралы клиенттерді алдын ала хабардар еттік", – деп хабарлады компания өкілдері.

Қазіргі уақытта байланыс пен мобильді интернетті қоса алғанда, негізгі сервистер штаттық режимде жұмыс істеп тұр деп атап өтті компаниядағылар.
"Кейбір қызметтерде, мысалы, мобильді қаржылық сервистер жүйесінде (мобильді теңгеріммен жасалатын операциялар) уақытша шектеулер болуы мүмкін. Сонымен қатар, біздің техникалық мамандарымыз тәулік бойы жүйелердің жұмысын мұқият қадағалап, туындаған мәселелерді мүмкіндігінше тез шешеді", – деп түсіндірді Beeline.
Компания шектеулердің клиенттерге қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін мойындап, абоненттерге бонустар берілетінін хабарлады.
Altel/Tele2
Altel/Tele2 операторлары кіретін "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-нің баспасөз қызметі ресми сауал қажеттігін алға тартып, мәселеге қатысты бірден түсініктеме бермеді.
Кейінірек редакцияға олардың операторы тарапынан ешқандай іркіліс байқалмағаны хабарланды.
Kcell
Kcell корпоративтік коммуникациялар бөлімі Kcell және Activ желілері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

"Компанияның техникалық мамандары олардың жұмысын үнемі бақылауда ұстайды", – делінген хабарламада.

"Қазақтелеком"
"Қазақтелеком" АҚ баспасөз қызметі бәрі штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

"Қазіргі уақытта "Қазақтелеком" желісінде жаппай апаттар мен мәселелер жоқ. Қызметтер штаттық режимде көрсетіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Бұған дейін біз мобильді байланыс пен интернет сапасының нашарлауына сертификатталмаған сигнал күшейткіштер себеп болуы мүмкін екенін жазған едік. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, мұндай құрылғылар базалық станцияларға кедергі келтіреді. Соның салдарынан байланыс сапасы тек құрылғы иелерінде ғана емес, көршілерінде де нашарлауы мүмкін.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net