Добавить новость
123ru.net
World News
Сентябрь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

БҚО-да Мемлекет басшысының “Әділетті қоғамға – шыншыл сөз“ кітабы талқыланды

0

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" атты кітабын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, қоғам және мемлекет қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Атауов жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ел дамуының өзекті бағыттарын қамтитын еңбектің мазмұнын талқылау, кітапта көтерілген мәселелердің қазіргі қоғам үшін маңызын саралау. Жиында сөз алған қатысушылар кітапта мемлекет дамуы, ұлттық мүдде, тәуелсіздікті нығайту, заң мен тәртіп, қоғамдық диалог және азаматтық жауапкершілік мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтті.

Тарих ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті Жаңабек Жақсығалиев Мемлекет басшысының тарихи үдерістерге қатысты ұстанымдарына тоқталып, кітаптағы ой-тұжырымдардың елдің саяси және қоғамдық дамуымен сабақтастығын атап өтті.
Ал Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Әсет Тасмағамбетов еңбектегі мемлекет құру және қоғамдық жаңғыру мәселелеріне қатысты пікірлерін ортаға салды.

Дөңгелек үстел барысында ақын, жазушы, қоғам қайраткері Дариға Мұштанова, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Әліби Баяхов және Батыс Қазақстан облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Закир Хамзин де өз ойларын білдірді.
Қатысушылар әсіресе қазіргі ақпараттық кеңістікте сөз мәдениеті мен айтылған пікірге жауапкершіліктің маңызы арта түскеніне назар аударды. Әлеуметтік желілер мен цифрлық коммуникация дәуірінде кез келген пікірдің қысқа уақыт ішінде кең аудиторияға таралуы қоғам мүшелерінен жоғары жауапкершілік пен мәдениетті талап ететіні айтылды.

"Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" кітабында Мемлекет басшысының отыз жылдан астам уақыт ішінде қалыптасқан саяси және азаматтық ұстанымдары, мемлекет басқару тәжірибесі, ұлттық құндылықтар мен қоғам дамуына қатысты пайымдары жинақталған.
Суреттер: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Кездесу соңында қатысушылар кітаптағы ойларды кеңінен насихаттау, жастар арасында қоғамдық жауапкершілік пен заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық диалогты одан әрі дамыту бағытында пікір алмасты.
Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар кітаптың қазіргі қоғам үшін өзекті мәселелерді түсінуге және елдің болашақ даму бағдарларын пайымдауға мүмкіндік беретін маңызды еңбек екенін атап өтті.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net