Чемпиондар лигасындағы клуб құрамдағы қазақстандыққа қатысты шешім қабылдады
Бакулік "Сабах" Чемпиондар лигасының алдағы матчтеріне арналған өтінімін ұсынды.
УЕФА-ның ресми сайтында жарияланған тізімге қазақстандық қақпашы Стас Покатилов кірді.
Ол бұған дейін ЧЛ іріктеу кезеңінде "Сабах" намысын қорғаған болатын.
Скриншот: uefa.comҚазақстандық футболшы Чемпиондар лигасында "Арсенал" мен "Барселонаға" қарсы ойнайдыЕске сала кетейік, клуб тарихында алғаш рет Әзербайжанның "Сабах" клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ойнайды. Команда капитаны - қазақстандық қақпашы Стас Покатилов.
Оның командасы Израильдің "Хапоэліне" қарсы ойында ерледі және іріктеу кезеңі арқылы турнирдің негізгі сатысына жолдама алды.
"Сабахтың" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі қарсыластары: "Барселона" (Испания), "Арсенал" (Англия), "Боруссия" (Германия), "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Наполи" (Италия), "Вильярреал" (Испания), "Славия" (Чехия) және "Викинг" (Норвегия) болмақ.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Sabah FC (@sabahfc) жарияланымы
Бұдан бөлек, Покатилов үш түрлі командамен еурокубоктардың үш түрлі негізгі кезеңіне шыққан алғашқы қазақстандық футболшы атанды. 2013 жылы ол қарағандылық "Шахтермен" Еуропа лигасына дейін жетсе, 2021 жылы "Қайрат" сапында Конференция лигасында өнер көрсетті. Енді Чемпиондар лигасында әлемнің үздік командаларына қарсы бағын сынауға мүмкіндік алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)
Еске сала кетейік, әзірбайжандық "Сабахтың" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчі 11 қыркүйекте өтеді, қарсыласы ағылшындық "Манчестер Юнайтед" болады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Sabah FC (@sabahfc) жарияланымы
Шок пен қуаныш: қазақстандық футболшы ЧЛ-де “Барселонаға“ қарсы ойнайдыЧемпиондар лигасының матчі алаңдағы жаппай төбелеске ұласты
