Президент Аида Балаеваны қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді айқындады.
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.
Айта кетейік, бұған дейін Аида Балаева Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған болатын. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.
Еске салайық, өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашып, жаңа лауазым - Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалатынын жариялаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
