Джоковичтің сенсациясы және Бубликтің жеңісі: US Open турнирінің басты жаңалықтары
Алғашқы матчте 39 жастағы Джокович аргентиналық Мариано Навонемен кездесті. Аргентиналық теннисші бірінші сетте тай-брейкте жеңіске жеткенімен, кейін қатарынан екі партияда есе жіберді.
Ойынның үшінші сағаты аяқталар тұста тәжірибелі сербтің күш-қуаты сарқылғандай, ол соңғы екі сетте 6:2; 6:1 есебімен жол берді.
Джоковичтің матчі 4 сағат 40 минутқа созылды және бұл оның соңғы 20 жыл ішінде Үлкен дулыға турнирлерінің бастапқы матчіндегі алғашқы жеңілісі болды.
Бұдан бөлек, US Open турнирінен шығып қалуы Джоковичтің жарыс қорытындысы бойынша әлемдік рейтингтің үздік ондығынан (топ-10) шығатынын білдіреді.
Новак Джокович деген кім?
Еске сала кетейік, Новак Джокович бірнеше жыл бойы әлемдік рейтингтің көшін бастады. Ол 428 апта бойы планетаның бірінші ракеткасы атанып, рекорд орнатқан.
Сондай-ақ оның еншісінде Үлкен дулыға турнирлерінің рекордтық 24 титулы мен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының алтыны бар.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Novak Djokovic (@djokernole) жарияланымы
Қазақстандықтар US Open турниріндеҚазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик турнир қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте Джоковичтен озып, топ-10 қатарына қайта оралуы мүмкін. Бірінші раундта қазақстандық теннисші төрт сетте америкалық Джеффри Вулфты қапы қалдырды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
US Open (@usopen) жариялаған жазба
Еліміздің тағы бір өкілі - Александр Шевченко бірінші айналымда хорватиялық Дино Прижмичтен жеңіліп қалды. Бес сетке созылған тартысты матчте қазақстандықтың матчболы болғанымен, ол ойынды жеңіске дейін жеткізе алмады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Aleksandr Shevchenko (@shevchenkoo_17) жариялаған жазба
Әйелдер арасындағы жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open-дегі бақтарын сынауға дайындалып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың матчі ертең өтеді.
