Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Қазақстанда шәкіртақы 500 мыңға дейін өседі: Саясат Нұрбек жоспарын бөлісті

0

Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбек Қазақстанда студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысын көтеру жоспары туралы айтты. Сөз 100-ден 500 мың теңгеге дейінгі сомалар туралы болып отыр, деп хабарлайды Tengri Edu тілшісі.
Шәкіртақы қалай өседі?
Саясат Нұрбек Tengri Edu тілшісіне берген сұхбатында кейінгі бес жылда Қазақстан жоғары оқу орындарындағы шәкіртақы мөлшері екі есе өскенін айтты. Енді министрлік бұл өсімді жалғастыруды көздеп отыр.
Бұл алдағы бес жылда жоғары оқу орындарындағы шәкіртақы жыл сайын көтеріліп, нәтижесінде тағы екі есеге артады дегенді білдіреді.

"Индекстеуді тоқтатпаймыз, келесі бес жылда да осылайша 15–20 пайыз аралығында қосып, тағы 100 пайызға көтеру үшін арттырып отыруды жоспарлап отырмыз", – деп түсіндірді ол.

Мәселен, министрдің міндетін атқарушының есебі бойынша, докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеден асады.

"Мысалы, қазір докторанттардың ай сайынғы шәкіртақысы – 262 мың теңге. Енді біз 2026 жылдан 2030 жылға дейін тағы бір цикл бойынша жүріп, оны тағы 100 пайызға арттырғымыз келеді. Бес жыл ішінде өсірсек, 2030 жылға қарай ол 500 мыңнан асады", – деді Саясат Нұрбек.

5 жылдан кейін шәкіртақы қандай болуы мүмкін?Үкімет қаулысына сәйкес, қазіргі уақытта мемлекеттік шәкіртақы мөлшері келесідей:

бакалавриат студенттеріне – 52 372 теңге;педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушыларға – 84 000 теңге;магистранттарға – 117 098 теңге;докторанттарға – 262 500 теңге.

Егер Ғылым министрлігінің жоспары жүзеге асып, шәкіртақы жыл сайын индекстелетін болса, бес жылдан кейін олар шамамен мынадай болады:

бакалавриат – 105 000 теңге;педагогикалық мамандықтар – 168 000 теңге;магистратура – 234 000 теңге;докторантура – 525 000 теңге.

Бұл ретте Саясат Нұрбектің айтуы бойынша, өсім біртіндеп – шамамен 15-20 пайызға жүргізілетінін түсіну маңызды. Яғни, бұл қазір бекітілген төлем мөлшері емес, министрліктің жоспары.
Еске сала кетейік, Қазақстанда шәкіртақыны көтерудің бес жылдық бағдарламасы аяқталды. Алайда, 2026 жылдың наурызында Үкіметте өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл бағдарламаны қайта бастау жоспарланып отырғанын айтқан болатын.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net