Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

“Жеңілу өкінішті“ - Дастан Сәтпаев “Бернлидің“ негізгі құрамындағы дебютінен кейін

0
Футболдан Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтпаев "Бернлидің" Ағылшын лигасы кубогіндегі жеңілісінен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Tengri Sport футболшының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Осы маусымнан бастап Сәтпаев өнер көрсетіп жүрген Чемпионшип клубы 1/32 финалда 1-лиганың "Брэдфорд" командасына пенальти сериясында жол беріп, турнирден шығып қалды.
Жеңілістен бірнеше сағат өткен соң, қазақстандық футболшы "қою қызыл түстілердің" ("Бернлидің" эмблема түсіне байланысты лақап аты) жанкүйерлеріне үндеу жасады.

"Бүгін бізбен бірге болып, соңғы секундқа дейін қолдау көрсеткендердің бәріне рақмет. Пенальти сериясында жеңілу өте өкінішті, бірақ футбол деген осы. Біз алаңда соңына дейін барымызды салдық. Қолдауларыңыз үшін рақмет. Бұл тек бастамасы ғана. Біз жұмыс істеп, бірге күшейе түсеміз. Алға, қою қызыл түстілер!" - деді Сәтпаев.

Айта кетейік, Қазақстаннан шыққан 18 жастағы вингер үшін бұл матч команданың негізгі құрамындағы алғашқысы болды. Ол алаңда 80 минут өткізіп, кейін ауыстырылды және пенальти сериясына қатысқан жоқ.
Сәтпаев нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмаса да, жанкүйерлер оны жылы қабылдады. Әлеуметтік желілерде кейбіреулер оны осы кездесудегі команда сапындағы жалғыз жарқын тұлға деп атап жатыр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Дастан Сәтпаевтың (@d.satpayev) жариялауы


Дастан Сәтпаев Англияда
Еске сала кетейік, "Қайрат" түлегі Дастан Сәтпаевтың құқығы биылғы жаздан бастап түпкілікті лондондық "Челсиге" тиесілі. Алайда жаттықтырушылар штабы биыл ойыншыны деңгейі төмендеу клубқа жалға беру туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта қазақстандық футболшы Чемпионшипте бір матч және Ағылшын лигасының кубогінде бір матч өткізіп, әзірге гол немесе нәтижелі паспен ерекшеленген жоқ.

Dastan Satpayev vs Bradford City pic.twitter.com/eSmf6oj6zM
— Jb (@simplyjb22) 26 тамыз, 2026 жыл
Дастан Сәтпаев қашан гол соғуы мүмкін?
"Челси" сапындағы жолдастық кездесулерде қазақстандық футболшы гол соғу үшін бір ғана сәтті эпизод жеткілікті екенін көрсетті. Ол лондондықтар сапындағы алғашқы добын бірінші ойынның 6-минутында соққан болатын.
Егер бапкер Чемпионшиптің келесі турындағы "Норвичпен" ойында қазақстандыққа мүмкіндік берсе, Дастан "Бернли" сапындағы голдарының есебін осы аптада ашуы мүмкін.
"Норвичпен" өтетін ойын 29 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
“Тевеске ұқсайды“: жанкүйерлер Сәтпаевтың Лига кубогіндегі алғашқы матчіне тәнті болды
“Реал“ бізге келмейді: Чемпиондар лигасының барлық қатысушысы анықталды





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net