Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Қазақстандықтың суперкамбэгі және “Селтиктің“ сәтсіздігі: Чемпиондар лигасының матчтері қалай өтті?

0

Құрамында қазақстандық Стас Покатилов өнер көрсететін Әзербайжанның "Сабах" клубы өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының ортақ кезеңіне жолдама алды. Бұдан бөлек, топтық кезеңнің тағы екі қатысушысы анықталды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Бакудегі ғажайып: қазақстандық футболшы Чемпиондар лигасының ортақ кезеңіне қалай шықты
Әзербайжандық ұжым 94-минутқа дейін есепте артта келе жатып, жеңісті жұлып алды.
Ойынның 3-минутында-ақ Покатиловтың командасы "Хапоэльден" гол жіберіп алды, бірақ ол офсайд себебінен есептелмеді. Кейінірек қонақтар есепте алға шығып, екі кездесудің қорытындысы бойынша есеп 3:1-ге жетті.
"Сабах" есепті теңестіргенімен, Израиль клубы 61-минутта тағы да алға шықты. 74-минутқа қарай таразы басы қайта теңелгенімен, бұл есеп "Хапоэльді" келесі кезеңге өткізіп тұрған еді.
Айта кетейік, жіберілген екі голда да қазақстандық қақпашының қателігі бар - Покатилов алдымен айып алаңынан шығуда сәтсіз ойнаса, кейін допты қарсыластың аяғына сала берді.
94-минутта бұрыштамадан асырылған доптан кейін әзербайжандықтар бұл матчте алғаш рет алға шығып, ойынды овертаймға ұластырды. Қосымша уақытта олар екі қызыл қағаз алған қарсыласынан бір бас жоғары болды.
Қорытынды есеп 5:2, екі кездесудің нәтижесі - 6:4. Қазақстан құрамасының қақпашысы өз мансабында алғаш рет Чемпиондар лигасында бақ сынайды.

"Селтиктің" кезекті масқара жеңілісі және "Буде-Глимттің" Чемпиондар лигасына қайта оралуы
"Кайраттың" өткен жылғы қарсыласы - шотландиялық "Селтик" Чемпиондар лигасының ортақ кезеңіне шығу жолында алғашқы матчтен кейін үлкен басымдыққа ие болған еді. Глазголық ұжым өз алаңында австриялық "ЛАСК-ты" 3:0 есебімен тас-талқан еткен.
Австриядағы ойын "Селтиктің" голымен басталғанда, шотландық жанкүйерлер жеңісті тойлай бастады - алаң иелеріне 70 минут ішінде 4 гол соғу керек болатын.
Бірінші таймның соңына қарай "ЛАСК" тек бір гол соға алды, бірақ екінші таймды қарсыласынан әлдеқайда сенімді бастады. 58-минутта есеп 3:1-ге жетіп, жалпы есепті теңестіруге бір ғана гол қалды.
Флориан Флеккер 91-минутта қапталдан асырылған тамаша пасты голға айналдырып, есепті теңестірді. Овертаймда "Селтикті" талқандау одан ары жалғасты.
Матч 5:1 есебімен аяқталып, екі ойынның қорытындысы бойынша 5:4 есебімен "ЛАСК" жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, өткен жылы "Селтик" алматылық "Қайратпен" текетіресте фаворит саналғанымен, бірде-бір гол соға алмай, Алматыдағы пенальти сериясында есе жіберген болатын.
Чемпиондар лигасының ортақ кезеңіне өткен тағы бір қатысушы - норвегиялық "Буде-Глимт". Олар алғашқы ойында қонақта 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетсе, өз алаңындағы қарымта кездесуде жауапсыз үш доп соқты.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанның жалғыз өкілі - алматылық "Қайрат" турнирдің ортақ кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін плей-офф сатысына дейін жете алмады. Қазақстандықтарды жарыстан шығарған болгариялық "Левски" бүгін өз алаңындағы нөлдік тең ойыннан кейін грекиялық "АЕК-пен" жолдама үшін таласады.
“Барселона” ойыншысы “Алтын доптың” жаңа фавориті атанды






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net