1 триллион теңгеден астам: БЖЗҚ қазақстандықтарға төленген төлемдер туралы айтты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында барлық жарна түрі бойынша төленген төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударылған қаражат көлемі 1 триллион 83 миллиард теңгеден асты. Бұл қаражаттың нақты неге жұмсалғанын қордың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жасқа байланысты төлемдер көлемі 170 миллиард теңгеден асты. Бұл ретте зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем мөлшері 38 993 теңге болды.
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге бағытталған біржолғы зейнетақы төлемдері жыл басынан бері 1 тамыздағы жағдай бойынша 435 миллиард теңгеден асты.
"Мұрагерлік бойынша 63,06 миллиард теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 28,13 миллиард теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,05 миллиард теңге, жерлеуге – 5,56 миллиард теңге көлемінде төлем жасалды", - деп хабарлады зейнетақы қоры.
Сақтандыру ұйымдарына 378,56 миллиард теңге аударылған.
Маусымның басында Қазақстанда жеткілікті шек айтарлықтай өсті. Жинақтарын алудан үмітті болғандар басқа жолдарды іздей бастады. Соның бірі – ақшаны сақтандыру компаниясына аудару және зейнетақы аннуитетін ресімдеу.
Бұл не – жаңа қауіпті "қулық" па, әлде шынайы балама ма? Ол кімдерге тиімді, қандай кедергілері бар және оны қалай пайдалануға болады? Мына материалдан оқыңыз.
