Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

“Реал” аңызы “Алтын допқа” фаворитті атады

0
Мадридтік "Реалдың" және Германия құрамасының бұрынғы ойыншысы Тони Кроос өткен маусымдағы әлемнің үздік ойыншысы ретінде "Пари Сен-Жермен" сапындағы Хвича Кварацхелияны санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport неміс блогері Флориан Мальбургтің әлеуметтік желілеріне сілтеме жасап.
Аңызға айналған жартылай қорғаушы блогердің қазіргі футболдағы ең беделді жеке марапатқа басты үміткерлер туралы видеосының астына өзі пікір қалдырған. Роликте Ламин Ямаль мен Харри Кейннің марапат алу мүмкіндіктері талданған еді, бірақ неміс футболының шебері жаңа нұсқа ұсынды.

"Квара. Оның жеңіске жетуі екіталай, бірақ мен үшін ол сөзсіз бірінші нөмір! Әлем чемпионатының төрт көрнекті ойыншысы (Родри, Месси, Джуд және Килиан) үшін маусым аса жарқын болған жоқ немесе олар маңызы төмен лигаларда өнер көрсетеді.
Кварацхелия - әлемнің үздік клубтық командасының (өткен маусымда да, қазір де) үздік ойыншысы", - деп мәлімдеді Кроос жазба астында.

Тони Кроостың жауабы мыңға жуық лайк пен ондаған пікір жинады. Пайдаланушылардың бір бөлігі аңыз ойыншымен келіссе, кейбірі оның пікірін қате деп санайды.

"Мен бұнымен келісемін, бірақ бұл ешқашан болмайды, өйткені ол тіпті әлем чемпионатында ойнаған жоқ. Шындыққа жанасатыны - Килиан немесе Кейн", - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.
"Кроос, бұл нашар таңдау... Кейн одан 4-5 есе көп гол соқты. Баварияға қарсы бірнеше жақсы ойын көрсету жеткіліксіз";
"Квара Кейннен артық не істеді?" - деп жазды басқалары.

Еске сала кетейік, Кроостың өзі Чемпиондар лигасын алты рет, Испания чемпионатын төрт рет және Германия чемпионатын үш рет жеңіп алған. Сондай-ақ жартылай қорғаушы Германия құрамасымен әлем чемпионы атанғанымен, бірде-бір рет "Алтын допты" иеленген емес.
Фото: instagram.com/florian.malburg/
Кварацхелияның таңдалуы неге күтпеген жағдай?
Айта кетейік, жетекші статистикалық порталдар мен әлемдік БАҚ Кварацхелияны "Алтын допқа" басты үміткерлердің тіпті үздік бестігіне де қоспайды.
Букмекерлердің пікірінше, марапат үшін басты бәсеке Харри Кейн ("Бавария", Англия) мен Ламин Ямаль ("Барселона", Испания) арасында өрбиді.
Беделді Goal басылымы да үміткерлердің үздік үштігіне аргентиналық Лионель Мессиді қосады, ал Кварацхелияны тек 9-орынға қояды.
Кварацхелия тамаша маусым өткізді
Еске сала кетейік, "Пари Сен-Жерменнің" грузиялық жартылай қорғаушысы командамен бірге Франция чемпионатын жеңіп алып, екінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасының финалында жеңіске жетті. Ол команда үшін 48 матчте 19 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.
Бұл ретте Грузия құрамасы әлем чемпионатына жолдама ала алмады, сондықтан Кварацхелия команданың басқа ойыншылары сияқты төртжылдықтың басты футбол турнирінен тыс қалды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым: Khvicha Kvaratskhelia (@kvara7)


Сыйлықтың өзге де үміткерлері мундиальда өз ұлттық құрамалары сапында өнер көрсетті. Ламин Ямаль Испания құрамасымен әлем чемпионы атанса, Лионель Месси Аргентинамен күміс жүлде иеленді, ал Харри Кейн Англия құрамасының сапында қола жүлдегер атанды.
"Алтын доп"
"Алтын доп" - қазіргі футболдағы ең басты жеке марапат. Оны 70 жыл бойы France Football журналы футболшылардың, жаттықтырушылар мен журналистердің дауыс беру қорытындысы бойынша тапсырып келеді.
Бастапқыда ол тек еуропалық үздік футболшыға берілетін, бірақ 1995 жылдан бастап барлық елдің ойыншылары үміткер бола бастады.
2022 жылға дейін ФИФА құрамына кіретін әрбір федерацияның дауыс беру құқығы болса, 2022 жылдан бастап тек әлемдік рейтингтің үздік 100 елінің өкілдері ғана дауыс береді. Осылайша, Қазақстан жеңімпазды таңдау құқығынан айырылды, өйткені біздің құрама 111-орында тұр.
Әдетте марапаттау рәсімі Парижде өтетін, бірақ биыл мерейтойға орай салтанатты шара Лондонда өтеді. "Алтын доп - 2026" иегерлері мен басқа да марапаттар туралы біз 26 қазанда білетін боламыз.
Еске сала кетейік, марапаттың қазіргі иегері - Кварацхелияның командаласы Усман Дембеле.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ballon d’Or (@ballondorofficial) жарияланымы





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net