Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Google жылдың ең танымал эмодзиін атады

0

Google бүкіл әлем бойынша пайдаланушылар Android смартфондарындағы Gboard пернетақтасы арқылы енгізген 665 миллион эмодзиді саралап, 2025 жылы қай смайлик ең танымал болғанын анықтады, деп хабарлайды Tengri Life.Қай эмодзи бірінші орынға ие болды?
Бірінші орынды "көз жасы көл болған бет" - ???? иеленді. Ол бұрынғы көшбасшылар - "қуаныштан көзіне жас алған бет" ???? пен "күлкіден аунаған бет" ???? эмодзилерін басып озды.
"Көз жасы көл болған бет" эмодзиі шынайы мұңды білдіру үшін ғана қолданылмайтыны ерекше атап өтілген. Жазу кезінде бұл таңба күлкіні, қатты таңғалысты, ыңғайсыздықты, таңданысты немесе сезімнің тым көптігін білдіруі мүмкін. Google зерттеушілері бұл символ танымалдылығының артуын зумерлердің әдеттерімен байланыстырады - бір жыл ішінде оны қолдану жиілігі 37 пайыз өскен.
"Көз жасы көл болған бет", "қуаныштан көзіне жас алған бет" және "күлкіден аунаған бет" эмодзилері. Скриншот: iPhoneЖасөспірімдер мен зумерлер "қуаныштан көзіне жас алған бет" пен "күлкіден аунаған бет" эмодзилерін сирек таңдай бастады - олар үшін бұл таңбалар тым ескірген. Зерттеушілер таңдаудың өзгеруін жастардың ескі эмодзилердің мағынасын қайта қарастыруымен байланыстырады.
Аға буын үшін бұл символдар әлі де шынайы күлкіні көрсетудің түсінікті тәсілі болып отыр, ал жас пайдаланушылар көбінесе драмалық немесе ақылға сыймайтын нұсқаларды таңдайды.
Топ-тізімге тағы не кірді?
Алғашқы ондыққа мыналар кірді:

???? - дауыстап жылаған бет;???? - күлкіден аунаған бет;???? - қуаныштан көзіне жас алған бет;❤️ - қызыл жүрек;???? - біріктірілген алақан;???? - сүйіс жолдаған бет;???? - айналасында жүрекшелері бар күлімсіреген бет;???? - көтерілген бас бармақ;???? - көзі жүрек пішінді бет;???? - көзі жұмулы, күлімсіреген бет.

Ең жылдам танымал болған эмодзи "солған раушан" болды. Бір жыл ішінде оны қолдану бірден 190 пайыз артып, рейтингте 93-орынға көтерілді. Әдетте ол мұңды, көңіл қалуды немесе жүрек жарасын білдіру үшін жіберіледі.
Кейінгі жылдары "Моаи мүсіні" эмодзиінің танымалдылығы қарқынды өсті. Мысалы, 2021 жылы ол 482-орында болса, 2025 жылы 33-орынға көтерілді. Жастар оны сабырлы реакция ретінде қолданады - толық салқынқандылықты, жеңіл немқұрайлылықты көрсету қажет болғанда немесе ақылға сыймайтын жағдайда "қас қақпайтын кейіп" сақтау үшін пайдаланады.
"Солған раушан" және "Моаи мүсіні" эмодзилері. Скриншот: iPhone
"Эмодзилер енді сәнде емес": олардың орнын не басты?
Бұл ретте эмодзилер қазір интернеттегі қарым-қатынастың жалғыз тілі емес. Пайдаланушылар нақты реакцияны жеткізуге мүмкіндік беретін стикерлер мен GIF-терді жиі таңдайды.
Мысалы, бір смайликтің орнына сериалдан танымал кадр жіберуге болады - сарказмды, сенімсіздікті немесе таңғалысты жеткізу үшін бір суреттің өзі жеткілікті. "Декстер" сериалындағы сержант Доакс үлкен танымалдылыққа ие - бұл стикер бір нәрседен күмәнданғанда немесе шындықты біліп, бірақ оны әлі дәлелдей алмайтын сәтте қажет болуы мүмкін.
Сондай-ақ желіде "WhatsApp стикерлері мен мемдерінің ханшайымы" атанып кеткен кішкентай Рохи жиі қолданылады.
Google эмодзи арқылы сөйлесу тәсілдері де өзгеріп жатқанын атап өтті: үйреншікті символдар жаңа мағынаға ие болды, ал ескілері біртіндеп қазіргі интернет мәдениетіне көбірек сәйкес келетіндерге орын беріп жатыр.
Скриншоттар: WhatsApp және Tik Tok
Тағы оқыңыз: YouTube арна авторларына адалдық үшін миллиондаған қаражат төлемек






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net