Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026

Қазақстандық әйел үшем босанып, жеті баланың анасы атанды

0

Павлодар облысындағы Түсіпбековтер отбасында бірден үш сәби дүниеге келді: 10 тамызда 34 жастағы Елдана Дүйсенова үшемді - бір қыз бен екі ұлды өмірге әкелді. Енді ерлі-зайыпты жеті бала тәрбиелеп отыр. 21 тамызда ана мен жаңа туған нәрестелер Павлодардағы перинаталдық орталықтан шығарылды, деп хабарлайды TengriHealth тілшісі.
Ерлі-зайыптының бұған дейін төрт баласы болған, олардың үлкені 14 жаста, ал кішісі үш жаста. 34 жастағы көпбалалы ана Елдана Дүйсенованың айтуынша, жүктілік табиғи жолмен болған. Олар тағы бір қызды жоспарлаған еді, бірақ тағдыр үшемді сыйға берді - бір қыз бен екі ұл дүниеге келді.
Фото Tengrinews.kzНәрестелер 10 тамызда небәрі екі минуттық айырмашылықпен жарық дүние есігін ашты.
Бірінші болып салмағы 2408 грамм Елнара, одан кейін салмағы екі келіден сәл асатын Елнияр мен Елдияр туды.

"Бұл біздің отбасымыз үшін үш еселенген бақыт. Әрине, мен өте қуаныштымын", - дейді 37 жастағы отағасы Ермек Түсіпбеков.

Ерлі-зайыптының ерекше дәстүрі бар - олар балаларының бәріне "Е" әрпінен басталатын есім береді.

"Біз мұны тұңғышымыз Ермағамбет дүниеге келгенде шешкенбіз. Оған есімді өзім бердім, ал қалған балалардың есімдерін жұбайым екеуміз бірге қойдық", - дейді Ермек.

Отағасы патрульдік полиция инспекторы болып жұмыс істейді, ал анасы декреттік демалысқа дейін Павлодар ауданының балалар өнер мектебін басқарған. Қазір үлкен отбасы 4 бөлмелі жеке үйде тұрады, бірақ уақыт өте келе ерлі-зайыпты баспананы кеңейту үшін ипотека рәсімдеуді жоспарлап отыр.
Фото Tengrinews.kz
Бүгін ана мен жаңа туған нәрестелер Павлодардың перинаталдық орталығынан шығарылды. Алғашқы уақытта ерлі-зайыптыға сәбилерді күтуге әжелері көмектеседі. Айта кетейік, кейінгі екі аптада Павлодар облысында екінші үшем дүниеге келді - алғашқысы 23 шілдеде ЭКҰ әдісімен туған.

Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша бірден екі рекорд орнатты
Бұған дейін 2026 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанда 1926 егіз бен 54 үшем дүниеге келгені туралы хабарлаған болатынбыз. Көпұрықты босану жағдайларының көбі Түркістан облысында тіркелді, сонымен қатар бұл өңір еліміздегі бала туу көрсеткіші ең жоғары аймақтар қатарына кіреді. Одан кейін 245 егіз тіркелген Алматы тұр, ал үздік үштікті 175 жағдаймен Алматы облысы түйіндеді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net