Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Мерседес“ пен қара “Магия“ небәрі 2,5 мың теңгеге сатылып жатыр

0

Алматы облысында көп жыл бойы шекарада қызмет етіп, енді "зейнетке шыққан" үш қызметтік ит саудаға шығарылды. Төрт аяқты достарға жаңа иелер іздестіріліп жатыр - оларды аукцион арқылы символикалық бағаға сатып алуға болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қандай иттер және қаншаға сатылады?

Иттер ҰҚК Шекара қызметі департаментінің иелігінде. Ал оларды электронды саудада Қорғаныс министрлігі жанындағы "Қазарнаулыэкспорт" кәсіпорны сатып жатыр.

Иттердің бірінің лақап аты - "Мамон".

Оны небәрі 935 теңгеге сатып алуға болады.

Саудаға шығарылған "Мамон" атты ардагер ит. Фото sauda.e-qazyna.kz сайтынанАл мынау - "Мерседес" атты шығыс еуропалық овчарка.

Саудаға шығарылған "Мерседес" атты ардагер ит. Фото sauda.e-qazyna.kz сайтынанОл қара түсті "Магиямен" бірге сатылып жатыр. Екеуі үшін 2 472 теңге сұралып отыр.

Саудаға шығарылған "Магия" атты ардагер ит. Фото sauda.e-qazyna.kz сайтынанБарлық иттің жасы 10-да, олар Қалжат ауылында тұр. Сауда-саттық 27 тамыз күні сағат 10:00-де басталады.

Бұл бірінші рет емес18 тамызда өткен саудада жеті қызметтік ит сатылған болатын. Олардың арасында, мысалы, 10 жасар неміс овчаркасы Матео болды. Ол 935 теңге бастапқы бағамен ұсынылды.

Неміс овчаркасы Матео / Фото sauda.e-qazyna.kz сайтынан

Электронды сауда порталындағы мәліметке сүйенсек, ол сатылып кеткен.

Неге қызметтік иттер кинологтарға тегін берілмейді, сатылады?"Қазарнаулыэкспорт" бұған дейін қызметтік иттердің мемлекеттік мүлік екенін түсіндірген болатын. Сондықтан ит зейнетке шыққаннан кейін кинолог өзінің төрт аяқты серігін үйіне тегін алып кете алмайды.

Сөз 9–10 жастағы иттер туралы болып отыр. Мұндай жаста олар бұрынғы жұмысын атқара алмайды. Кәсіпорын өкілдерінің сөзінше, егер төрт аяқтыларға жаңа ие табылмаса, оларды ұйықтатуға тура келер еді.

Саудадағы төмен баға иттердің ресми түрде өз ресурсын тауысқан деп есептелуімен түсіндіріледі. Аукцион алдында олардың құнын мамандар бағалайды.

Бұл ретте ұйым сауданың басты мақсаты - иттерден ақша табу емес, оларға жайлы мекен табу екенін баса айтты. Көбіне бұрынғы үй жануарларын олармен жылдар бойы бірге жұмыс істеген кинологтар мен ветеринарлар сатып алады.

Кәсіпорын шекарашылардың өздері де хабарласып, қызметтік иттерді үйлеріне алып кету үшін сауданың қашан болатынын сұрағанын айтты.

Жануарларды қызметкерлерге тегін беруге болмайды - бұл мемлекеттік мүлікке заңсыз билік ету болып саналады. Сондықтан аукцион жалғыз заңды жол болып қала береді.Қызметтік ардагер-иттер жаңа иесін іздейді: олар 900 теңгеден сатылып жатыр






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net