Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қолданбаларға қандай рұқсаттарды беру қауіпті: қазақстандықтар үшін ескерту

0

Мобильді құрылғылардағы қосымшаларға артық рұқсат берудің қандай қаупі бар және олардың қандай деректерге қол жеткізіп жатқанын неге мұқият қадағалау керек? Бұл сұрақтарға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.Қосымшаларды орнату кезінде пайдаланушылар олардың сервис жұмысына шынымен қажет пе екеніне бас қатырмастан, барлық рұқсаттарға автоматты түрде келісе салады. Нәтижесінде бағдарламалар камераға, микрофонға, контактілерге, геолокацияға, файлдарға және басқа да ақпаратқа қол жеткізе алады.
Агенттіктің баспасөз қызметі ескертеді: қосымшада мұндай рұқсаттар неғұрлым көп болса, дербес деректердің жылыстауы, олардың заңсыз пайдаланылуы немесе алаяқтық жасалу қаупі соғұрлым жоғары болады.Қосымшалар қандай деректерді сұрауы мүмкін?Қосымшалар өз функцияларына байланысты мыналарға қол жеткізуді сұрауы мүмкін:

геолокация - құрылғының орналасқан жерін анықтау үшін;камера мен фотогалерея - фото және видео түсіру немесе сақталған файлдарды көру үшін;микрофон - дыбысты жазу және беру үшін;контактілер - телефон кітапшасына кіру үшін;файлдар мен құрылғы жады - құжаттармен және басқа файлдармен жұмыс істеу үшін;қоңыраулар мен SMS - соның ішінде растау кодтары бар хабарламаларға қол жеткізу үшін;хабарландырулар - мұнда да жеке ақпарат болуы мүмкін.

Бұл ретте әрбір рұқсат қосымшаның функцияларымен байланысты болуы тиіс. Мысалы, калькуляторға немесе шамға (фонарик) әдетте контактілерге, SMS-ке немесе геолокацияға қол жеткізудің қажеті жоқ.
Артық рұқсат берудің қаупі неде?ҚНРДА деректері бойынша, егер қосымшаның өзі немесе оны әзірлеушінің жүйелері кибершабуылға ұшыраса, пайдаланушылардың деректері қаскөйлердің қолына түсуі мүмкін.
Алынған ақпарат дербес фишингтік шабуылдар, алаяқтық және әлеуметтік инженерия, басқа аккаунттарды бұзу, адамның егжей-тегжейлі цифрлық профилін жасау, сондай-ақ дербес деректерді заңсыз тарату немесе коммерциялық мақсатта пайдалану үшін қолданылуы мүмкін.Әсіресе, негізгі функцияларына еш қатысы жоқ деректерге қол жеткізуді сұрайтын қосымшаларға мұқият болған жөн.
Ең алдымен қандай рұқсаттарды шектеу керек?
Геолокация. Егер қосымшаға сіздің қай жерде екеніңізді үнемі білу қажет болмаса, тек оны пайдалану кезінде ғана рұқсат беруді таңдаған немесе бұл функцияны толығымен өшіріп тастаған дұрыс.
Камера мен микрофон. Қолжетімділікті тек жұмыс істеуі үшін шынымен қажет қосымшаларға ғана берген жөн.
Контактілер мен файлдар. Егер сервиске өз функцияларын орындау үшін телефон кітапшасы немесе құрылғыдағы құжаттар қажет болмаса, мұндай рұқсатты шектеген дұрыс.Қандай жағдайда сақ болу керек?
Агенттік келесі жағдайларда қосымшаны пайдалану қажеттілігін қайта қарауды ұсынады, егер ол:

өзінің функцияларына қатысы жоқ көптеген рұқсатты талап етсе;әзірлеуші туралы шынайы ақпарат болмаса;белгісіз немесе ресми емес дереккөзден жүктелсе;тым көп жарнама мен қалқымалы терезелерді көрсетсе;айқын себепсіз SMS-ке, контактілерге, төлем немесе басқа да құпия деректерге қол жеткізуді талап етсе.

Ведомство дербес деректер алаяқтар үшін үлкен құндылық екенін және олар нысаналы шабуылдарды дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін екенін еске салады. Сондықтан қосымшаларға оларға шынымен қажет болғаннан артық рұқсат бермеу керек. Сондай-ақ, бұрын берілген рұқсаттарды мезгіл-мезгіл тексеріп, артықтарын өшіріп отыру ұсынылады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net