Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстан рекорд деңгейдегі аптапты бастан өткерді: 2026 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін

0

2026 жылдың шілдесі бақылау тарихындағы ең ыстық екінші шілде болды, ал Қазақстан орташа айлық температура бойынша рекорд орнатылған елдердің қатарына енді. Сонымен қатар 2026 жыл тұтастай алғанда тарихтағы ең жылы жыл болу ықтималдығы күрт артты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан шілдеде рекорд аптап тіркелген елдер тізіміне енді

Климатты зерттеуге маманданған Berkeley Earth ұйымының мәліметінше, 2026 жылдың шілдесінде Жер бетінің шамамен 8,5 пайызында бақылау тарихындағы ең ыстық шілде айы тіркелді. Рекорд ыстық, соның ішінде Орталық Азияда да байқалды.

Шілдедегі орташа айлық температуралық рекордтар 32 елде тіркелді. Бұл тізімге Қазақстан да кірді. Басқа мемлекеттердің қатарында Франция, Ресей, АҚШ, Қытай, Колумбия, Кения және Танзания бар.

Шілде тарихтағы ең ыстық екінші ай болды

Шілдедегі жаһандық орташа температура 1850–1900 жылдардағы деңгейден 1,56 градусқа жоғары болды. Бұл көрсеткіш бойынша 2026 жылдың шілдесі 1850 жылы бақылаулар басталғаннан бергі екінші ең ыстық ай атанды. Тек 2023 жылдың шілдесі бұдан да ыстық болған еді. Бұл ретте, статистикалық қателікті ескерсек, 2026 және 2024 жылдардың көрсеткіштері іс жүзінде өзара тең.

Иллюстрация berkeleyearth.org сайтынан

Сондай-ақ 2026 жылдың шілдесі – биылғы жылдың жаһандық температурасы индустрияландыруға дейінгі деңгейден 1,5 градусқа асқан алғашқы айы болды.

Құрлықтағы орташа температура 1850–1900 жылдардағы деңгейден 2,03 градусқа, ал мұхит бетінің температурасы 1,25 градусқа жоғары болды.

Эль-Ниньо күшейіп келеді

Жаһандық температураның одан әрі көтерілуіне әсер ететін факторлардың бірі – күшейіп келе жатқан Эль-Ниньо құбылысы. Niño 3.4 индексі (Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су беті температурасының ауытқу көрсеткіші – ред. ескертпесі) шамамен +2,7 градусқа дейін көтерілді. Талдау мәліметтеріне сәйкес, бұл – осы құбылыстың даму сатысы үшін бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Болжамдар бойынша, 2026 жылдың қараша айында ең жоғары шек шамамен +4 градусқа жетуі мүмкін. Егер бұл сценарий жүзеге асса, қазіргі Эль-Ниньо аспаптық бақылаулар кезеңіндегі ең күшті құбылыс болуы ықтимал.

2026 жыл абсолютті температуралық рекорд орнатуы мүмкін

Жеті айлық бақылаудан кейін Berkeley Earth болжамы күрт өзгерді. Қазір 2026 жыл бақылау тарихындағы ең ыстық жыл болады деген ықтималдық шамамен 69 пайызға бағаланып отыр. Бір ай бұрын бұл көрсеткіш небәрі 12 пайыз болған еді. Екінші орын алу ықтималдығы шамамен 30 пайызды құрайды.

2026 жылғы орташа жылдық температураның 1850–1900 жылдардағы деңгейден 1,5 градусқа асатынына 99 пайызға жуық сенім бар. Күтілетін диапазон шамамен 1,52–1,65 градус аралығында.

Бұл ретте авторлардың бағалауынша, Эль-Ниньоның жылыту әсері 2027 жылы да сақталуы мүмкін: бұл құбылыстың жаһандық температураға әсері әдетте бірнеше айдан кейін байқалады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net