Атақты жапон экстремалы Гиннестің таңғажайып рекордын орнатты
Танымал жапондық велошабандоз бірегей жетістігімен көзге түсті. Ол шаңғымен секіруге арналған олимпиадалық трамплиннен тек алдыңғы дөңгелегіне сүйеніп, артқа қарай төмен түсті. Бұл трюк оған Гиннесстің рекордтар кітабына енген екі бірдей рекорд сыйлады: қашықтық (136,6 метр) және көлбеу бұрышы (37,5 градус) бойынша.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Guinness World Records (@guinnessworldrecords) жарияланымы
Томоми Нисикубо деген кім?
Томоми Нисикубо 1992 жылы 23 мамырда Жапонияда дүниеге келген. Бес жасынан бастап велосипед тебуді үйренген ол бастапқыда мотокросспен айналысқан, ал он екі жасында алғашқы мамандандырылған триал велосипедіне ие болды.2013 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен UCI әлем чемпионатында өнер көрсетіп, 25-орынға ие болды, ал 2016 және 2017 жылдары қатарынан велотриалдан Жапония чемпионы атанды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Canyon MTB (@canyon_mtb) жарияланымы
Осыдан кейін ол әсерлі бейнежобалар жасауға ден қойды. Оның роликтері миллиондаған қаралым жинап, оны осы спорт түріндегі ең танымал атлеттердің біріне айналдырды. Қазіргі таңда Томоми Нисикубо - әлемдегі заманауи велотриалдың ең танымал өкілдерінің бірі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Red Bull Danmark ???????? (@redbulldanmark) жарияланымы
