Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Жемқорлықтың нақ өзі“: Трампты Truth Social жазбаларына ақылы қолжетімділік үшін сотқа берді

0

Сәрсенбіде екі медиакомпания АҚШ президенті Дональд Трамптың үстінен сотқа шағым түсірді. Олар АҚШ президентінің Truth Social платформасындағы жазбаларына ақылы қолжетімділік сататын жаңа сервисті жабуды талап еткен. Ол материалдардың арасында нарыққа әсер ететін мәліметтер де бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz ABC News-ке сілтеме жасап.
Баспасөз бостандығын қорғайтын топтар Трамптың жазбаларына қолжетімділікті сатуды "конституцияға қайшы" деп мәлімдеді.
Сәрсенбі күні берілген федералды талап арызда Трамп әкімшілігі Truth Social-дағы жазбалар жарияланғанға дейін оларға арнайы алдын ала қолжетімділікті сатқаны үшін АҚШ Конституциясына енгізілген Бірінші түзетуді бұзды деп айыпталып жатыр.
Trump Media & Technology Group ұсынатын Truth API ақпараттық ресурсы 10 танымал Truth Social аккаунтына, соның ішінде Трамптың жеке парақшасына ерте қол жеткізу үшін айына 100 000 долларға дейін ақы алады.

"Бұл схема - жемқорлықтың нақ өзі. Президент нарық үшін маңызды мемлекеттік ақпаратты оның жеке компаниясына ақша төлеуге дайын әрі қауқарлы тұлғаларға ұсыну арқылы қаржылық пайда көріп отыр", - делінген Нью-Йорктің Оңтүстік округіне берілген шағымда.

Құжатта Бірінші түзету президенттің жария мәлімдемелеріне тең қолжетімділікке кепілдік беретіні, тіпті мазмұны бойынша бейтарап шектеулердің өзі қатаң регламенттелуі және маңызды мемлекеттік мүдделерге қызмет етуі тиіс екені айтылған.

"Президент Трампқа мемлекеттік ақпаратты сатудан пайда табуға мүмкіндік беруде ешқандай заңды, тіпті айтарлықтай маңызды мүдде жоқ", - делінген талап арызда.

Трамп әкімшілігі тұсындағы Әділет министрлігі басқа сот талқылаулары кезінде президенттің әлеуметтік желілердегі жазбалары оның жұртшылыққа арналған ресми мәлімдемесі екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

"Мұны Truth Social-дан көргенде, оның тікелей президент Трамптан екенін білесіздер. Бұл президенттің ерекшелігі де осында - оның ашықтығында және өз әкімшілігінің саясатын сіздерге және бүкіл әлемге тікелей жеткізуінде", - деген еді бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт.

Truth API 1 тамызда іске қосылды. Бұл Массачусетс штатынан сенатор-демократ Элизабет Уоррен мен Калифорниядан Адам Шифф АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясын Уолл-стритті, бай инсайдерлерді және Трампты байыта отырып, қаржы нарығының тұтастығына нұқсан келтіретін-келтірмейтінін зерттеуге шақырғаннан кейін төрт күн өткен соң болды.
Реттеуші органдарға берілген құжаттарға сәйкес, президент Truth Social-дың бас компаниясы - Trump Media & Technology Group акцияларының 41 пайызына иелік етеді, ал бұл активтер оның ұлдарының бірінің сенімгерлік басқаруында.
Басылымның жазуынша, Трамп бұрыннан Truth Social желісін акциялар, мұнай бағасы мен басқа да нарықтарға әсер ететін тарифтер мен Таяу Шығыстағы қақтығыстар сияқты жаңалықтарды жариялау үшін пайдаланып келеді.Сәрсенбіде берілген талап арызда ақылы лента жұмыс істеп тұрғанша, Ақ үйге ресми мемлекеттік мәлімдемелерді тек Truth Social платформасында жариялауға тыйым салу талап етілген.
Трамптың Truth Social желісінде жариялаған соңғы жаңалықтарының бірі Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің тамыз айының соңында қызметінен кететіні туралы ақпарат болды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net