Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Күніне бес адам өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болады: Қазақстанда жаңа скрининг енгізілмек

0

Қазақстанда өкпе обыры жағдайларының шамамен 70 пайызы емдеу тиімділігі төмендеген үшінші-төртінші кезеңдерде анықталады. Елде онкологияның бұл түріне қарсы жаңа скрининг енгізіліп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мамандар тексеруден кімдер өте алатынын және оның қалай жүргізілетінін айтып берді, деп хабарлайды Tengri Health тілшісі.
Күн сайын шамамен тоғыз адамнан өкпе обыры анықталады: статистика
Өкпе обыры Қазақстандағы ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі және қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының радиология және ядролық медицина бөлімшесінің меңгерушісі Жандос Аманқұловтың сөзінше, елімізде жыл сайын 4 000-ға жуық жаңа ауру жағдайы тіркеледі. Бұл ретте шамамен екі мың адам өкпе обырынан көз жұмады.
Орташа алғанда, бұл күн сайын тоғыз жаңа жағдай және бес өлім деген сөз.
Маманның айтуынша, өлім-жітімнің жоғары болуының басты себептерінің бірі - кеш диагностикалау. Науқастардың шамамен 70 пайызы үшінші немесе төртінші сатыда анықталады.

"Өкпе обырын бірінші сатыда анықтау пациенттердің 90 пайызға жуығының бес жылдық өміршеңдігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал төртінші сатыда бұл көрсеткіш он пайыздан аспайды. Бұл - ауру сатыларына байланысты өміршеңдік деңгейіндегі он есеге жуық айырмашылық", - деді ол.

Өкпе обыры қалай анықталады?
Өкпе обырын мүмкіндігінше ерте анықтау үшін Қазақстанда скринингтік бағдарлама әзірленді. Ол ауру деңгейі ең жоғары төрт өңірде - Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл және Ұлытау облыстарында пилоттық режимде енгізіледі.
Мамандар Қазақстанның Орталық Азияда мұндай скрининг түрін енгізген алғашқы елдердің бірі болатынын айтады. Тексеру үшін төмен дозалы компьютерлік томография қолданылады.
Анықтама: Өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясы (ТДКТ) - бұл кәдімгі диагностикалық КТ-ға қарағанда рентген сәулесінің айтарлықтай аз дозасы қолданылатын КТ түрі. Зерттеу өкпенің егжей-тегжейлі қабатты кескіндерін алуға және обырдың ерте белгісі болуы мүмкін шағын өзгерістерді, соның ішінде түйіндерді анықтауға мүмкіндік береді.
Тексеруден кімдер өте алады және оның құны қанша?
Мамандар өкпе обырының даму қаупі жоғары адамдар тобын анықтады. Скринингтен дәл солар өте алады.
Бағдарламаға қазір шылым шегетін немесе шылым шегуді қойғанына 15 жылдан аз уақыт болған 50 мен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер енеді.
Бұл ретте шылым шеккен жылдары ескеріледі. Ол үшін "қорап-жыл" көрсеткіші қолданылады. Қазақстан бағдарламасында 20 қорап-жыл шегі белгіленген - басқаша айтқанда, егер адам 20 жыл бойы күніне бір қорап темекі шексе, ол скринингтің нысаналы тобына жатады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда тыныс алу мүшелерінің ауруларын алдын алу үшін рентгенография мен флюорография қолданылады.

"Алдын ала есептеулер бойынша, ерте сатыдағы өкпе обырының бір жағдайын емдеу шамамен 500 мың теңгеге түседі. Ал ауруды үшінші-төртінші сатыда емдеу кезінде шығындар 50 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін, өйткені химиятерапия, қымбат тұратын иммундық және нысаналы (таргеттік) препараттар қажет болады", - деп бөлісті Жандос Аманқұлов.

Скрининг қалай өтеді және ол қанша уақыт алады?
Тексеру сауалнама алудан басталады. Мамандар адамның нысаналы топқа жататын-жатпайтынын және оған төмен дозалы КТ-дан өтуге көрсеткіш бар-жоғын анықтайды.
Сарапшылар зерттеуге арнайы дайындалудың қажеті жоқ екенін айтады. Егер адам дәрі ішіп жүрсе, оларды тоқтатудың, анализ тапсырудың немесе қосымша препараттар қабылдаудың қажеті жоқ.

"Процедураның өзі 15 секунд алады және ол ауырсынусыз өтеді. Зерттеуден кейін пациент үйреншікті өміріне қайта орала алады", - деп түсіндірді маман.

Бұдан әрі суреттерді дәрігерлер талдайды. Нәтижеге байланысты пациентке алдағы ұсыныстар хабарланады.
Өкпе обырын белгілері бойынша байқауға бола ма?
Дәрігерлердің айтуынша, ерте сатыда өкпе обыры, әдетте, айқын белгілер тудырмайды. Сондықтан адам ауру кеш сатыға өткенше оның бар екенін сезбеуі мүмкін.

"Әдетте айқын белгілер аурудың үшінші-төртінші сатысында пайда болады. Өкпе обыры кезінде бұл көбіне ұзаққа созылған жөтел болып келеді. Сондай-ақ қан түкіру, кеуде тұсының ауыруы немесе салмақ жоғалту болуы мүмкін", - деп толықтырды хирург-онколог Самат Исмаилов.

Спикер туралы: Самат Исмаилов - Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Торако-абдоминалдық онкология орталығының хирург-онколог дәрігері, медицина магистрі.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2026 жылғы 10-15 тамыз аралығында Өкпе обыры туралы хабардарлықты арттыру апталығы өтіп жатыр. Осы күндері қазақстандықтар тексеруден тегін өте алады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net