Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Байланыс, интернет пен QR жоқ: Қостанайда аудан тұрғындары шағымын айтты

0

Қостанайдағы №38 колония маңындағы шағынаудан тұрғындары бірнеше жылдан бері тұрақты ұялы байланыс пен интернетсіз өмір сүріп келеді. Олардың айтуынша, түзеу мекемесінде орнатылған сигнал бұғаттағыштар такси шақыруға, QR-код арқылы төлем жасауға, мобильді банкті пайдалануға, тіпті шұғыл қызметтерге қоңырау шалуға кедергі келтіреді. Енді тұрғындар бұл мәселені сот арқылы шешуге бел буды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанайдағы №38 орташа қауіпсіздік колониясы маңындағы шағынауданды жұрт "Киевский" кенті деп атайды. Мұндағы тұрғындардың сапалы мобильді байланыс пен интернетсіз жүргеніне үш жылға жуықтады. Бұғаттағыш құрылғылардың әсері тек тікенек сыммен қоршалған аумақпен шектелмей, мекемеден тыс жерлердегі байланысты да басып тастайды.
Фото Tengrinews.kz Қостанайлықтар барлық мекемеге жүздеген шағым түсіргенімен, байланыс сапасы жақсармаған.
Фото Tengrinews.kz

"Бізде байланыс үнемі үзіліп тұрады. Бұл жұмыс істеуге де, балалардың білім алуына да, әсіресе қашықтан оқыту күндері қатты кедергі келтіреді. "Төрттікте" бұғаттағыштар орнатылғанын бәрі біледі. Мұнда диірмендер, зауыттар мен кәсіпорындар бар, олар да қарапайым тұрғындар сияқты зардап шегіп отыр. Тіпті жедел жәрдем де келе алмайды, өйткені қоңырау шалу қиын, жеткізу қызметтері де бізге келуден үзілді-кесілді бас тартады, себебі келген кезде хабарласа алмайды", - дейді жергілікті тұрғын Марина Волкова.

Фото Tengrinews.kz
Мемлекеттік органдарға жүгінгеннен нәтиже шықпаған соң, жергілікті тұрғындар сотқа талап арыз берді.
Фото Tengrinews.kz
Іс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жауапкер ретінде көрсетілсе, Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы мен Мемлекеттік радиожиілік қызметі үшінші тұлғалар ретінде тартылған.

"№38 мекемеде өлшеу жұмыстарын жүргізу кезінде ұялы байланыс бұғаттағыштарын уақытша өшірді. Сондай-ақ тұрғындар 16 мекенжайда байланыс орнату үшін амалсыздан қолданып жүрген репитерлерін - сигнал күшейткіштерін өшірді. Осы сәтте байланыс бірден пайда болды. Сондықтан тұрғындардың ұялы байланыс операторларына ешқандай талабы жоқ, барлық сұрақ ҚАЖД-ға бағытталған. Бірақ бізге түсіндіргендері бойынша, мұндай жабдықтың жұмысын тексеру әдістемесі жоқ, сондықтан мәселе әлі күнге дейін шешілмей келеді", - дейді жергілікті белсенді Әмір Қыстаубаев.

Фото Tengrinews.kz
Тұрғындар өзге қала тұрғындары сияқты байланыс және интернет қызметтері үшін ақы төлейді, бірақ оларды толыққанды пайдалана алмайды. Колония маңынан өтіп бара жатқан жүргізушілерде де іркіліс болып тұрады, сондықтан жолдың бұл бөлігін жұрт "мылқау аймақ" деп атап кеткен. Тұрақсыз байланыстан жергілікті дүкендер де зардап шегіп отыр.
Фото Tengrinews.kz

"Қазіргі уақытта бізден төлем қабылдау терминалын алып кетіп жатыр, бүкіл аудан бойынша бөлшектеліп жатыр - тиімсіз, ол бірде істесе, бірде істемейді. Осыдан үш жыл бұрын Wi-Fi жоқ кезде дүкенді күзетке қою мәселесі туындаған еді, олар дабыл түймесі істемей қалады деп бас тартты. Сатушылар дүкенде түнеп жүрді. Қазір Wi-Fi, сымды интернет бар, бірақ жарық өшкен кезде, жұмыс тоқтап қалады, ал мұнда бұл жиі болатын жағдай ", - дейді дүкен әкімшісі Алина Бувина.

Фото Tengrinews.kzҚылмыстық-атқару жүйесі комитеті ұялы байланысты бұғаттауға арналған жабдық колонияда заңды негізде орнатылғанын және 2022 жылдан бастап режимді қамтамасыз ету үшін қолданылатынын хабарлады. Сонымен қатар ведомство егер өлшеу нәтижесінде бұғаттағыштардың әсері тұрғын үйлерге таралатыны расталса, жүйені қайта реттеу мүмкін екенін атап өтті.

"Арнайы техникалық құралдарды пайдалану салдарынан байланыс сапасының нашарлауына қатысты азаматтық сектор тарапынан шағымдар түскен жағдайда, мекеме әкімшілігі ұялы байланыс операторларының қатысуымен "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" РМК тарапынан сигнал деңгейін бақылау өлшемдерін жүргізуге бастамашылық жасайды. Рұқсат етілген нормалардан асатын интерференциялар анықталған жағдайда ҚАЖ мекемесі оларды азайту бойынша шаралар қабылдайды", - деп хабарлады комитет тұрғындардың өтінішіне берген жауабында.

Бұл ретте ІІМ колониялардан тыс жерде мобильді интернетті пайдалануға кедергі жасамайтын жаңа базалық станцияларды енгізе бастады. Пилоттық жобалар Ақтау, Алматы және Алатауда іске қосылған.

"Үш байланыс операторына "базалық станция" технологиясын қолдану ұсынылды, ол байланыс шектеулерін мекеме ішінде ғана оқшаулауға мүмкіндік береді және іргелес аймақтардағы тұрғындарға кедергі келтірмейді. Бұл пилоттық жоба қазір үш мекемеде қолданылып жатыр. Нәтиже бұл шешімнің тиімділігін растады. Бір мекемені жабдықтаудың орташа құны шамамен 100 миллион теңге төңірегінде. Пилоттық жоба ұялы байланыс операторларының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды", - деді ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары Ринат Шафигин.

Фото Tengrinews.kz
Министрлік жаңа базалық станцияларды орнату құны әр мекемеде әртүрлі болатынын түсіндірді - бұл колония аумағына, ғимараттар санына және орналасуына байланысты. Бұл технологияны бүкіл ел бойынша енгізу үшін бюджет қаражатын бөлу қажет. Қазір билік Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қаржыландыру туралы шешімін күтіп отыр. Содан кейін мерзімдері анықталып, түрмелер мен колонияларды кезең-кезеңімен жаңа базалық станциялармен жабдықтау басталады.
“Байланыссыз қалады”: депутат колониялар маңында тұратын тұрғындардың мәселесін көтерді
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары колониялардағы байланысты бұғаттау құрылғыларына қатысты мәселе көтерген болатын. Екатерина Смышляева түзеу мекемелеріне жақын маңда тұратын қазақстандықтар байланыс пен интернет сапасына қатысты қиындықтарға тап болып отырғанын, ал кейбір сотталғандарда мұндай мәселе жоқ екенін мәлімдеді. Депутаттар техникалық сипаттамаларды, келісімшарттарды және жабдықтарға қойылатын талаптарды қайта қарауды, мердігерлер мен жеткізушілерді тексеруді, егер сигналды бұғаттау аймағы мекеме аумағынан тыс жерге шығып кеткені расталса, тиісті шаралар қолдануды қажет деп санайды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net