Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Сауд Арабиясы Иран мен АҚШ арасындағы шиеленістің күшеюі фонында порттар мен әуежайларға жасалатын шабуылдарға дайындалып жатыр

0

Сауд Арабиясы ирактық жасақтар мен Иран қолдайтын хуситтер тарапынан болатын "бірнеше үйлестірілген шабуылға" дайындалып жатыр. Бұл туралы сауд шенеунігіне сілтеме жасаған CNN хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Ресми өкіл Сауд Арабиясы, АҚШ және өңір елдерінің "көптеген барлау дерегіне" сүйене отырып, ирактық содырлардың кейбір мүшелері "хуситтермен келісе отырып" және Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) жетекшілігімен "таяу арада" Парсы шығанағындағы елге шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Корольдік билігі Қызыл теңіз бен Парсы шығанағындағы порттарға, сондай-ақ негізгі әуежайларға төнетін қауіп-қатер сценарийлерін қарастырып жатыр. Әскери және төтенше жағдайлар қызметтерімен үйлестіру жұмыстары, құлақтандыру және әрекет ету хаттамалары күшейтілді.
Бұған дейін Тегеран мен Вашингтон арасындағы бірқатар оқиға мен өзара мәлімдемелерден кейін өңірде шиеленіс белең алып, инфрақұрылым мен жүк тасымалына соққы жасау қаупі артқан болатын.
Дайындалып жатқан шабуылдар туралы хабарламалар хуситтер негізгі кеме қатынасы бағыты болатын Аден шығанағында саудтық мұнай танкеріне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алғаннан кейін бір күн өткен соң пайда болды. Соңғы бірнеше аптада Сауд Арабиясы Йемендегі хуситтер тарапынан зымырандық атқылауға және Ирактағы Иран қолдайтын жасақтардың ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдарына ұшырады.
Сауд шенеунігі барлау қызметінің ирактықтар, хуситтер және Ислам революциясы сақшылар корпусының кейбір мүшелері қатысқан кездесулерді, сондай-ақ дрон мен зымырандардың қозғалысын тіркегенін мәлімдеді. Шенеуніктің пайымдауынша, жоспарланған шабуылдар келіссөздерді бұзуға бағытталған және Иранның ішіндегі билік үшін күрестің белгісі болуы мүмкін.

"Олар шабуылдарды солтүстіктен де, оңтүстіктен де үйлестіргісі келеді деп ойлаймын. Ықтимал нысандар "негізінен азаматтық және экономикалық нысандар" болды", - деді ол.

Шенеуніктің айтуынша, бұған қарамастан Сауд Арабиясы жағдайды тұрақтандыру бойынша күш-жігерін және Ирак билігімен байланысын жалғастыра береді.
Сауд Арабиясы 2015 жылы Йемендегі хуситтерге қарсы қақтығысқа араласқан әскери коалицияны басқарды, бірақ топты елдің солтүстігінен ығыстыра алмады. Жеті жылға созылған қақтығыс әлемдегі ең ірі гуманитарлық дағдарыстардың біріне әкеп соқты.
Бұған дейін Иран парламентінің комитеті АҚШ, Израиль және басқа да "дұшпан" кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салатын заң жобасын қарастырып жатқаны хабарланды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net