Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Зумерлер неге демалыс күндері қыдыруды қойды? Ғалымдар анықтады

0

Зумерлер демалыс күндерін үйде көбірек өткізетін болған, бірақ бұл олардың араласқысы келмейтіндігінен емес. Жаңа зерттеу көрсеткендей, жастар достарымен жиі кездескісі келеді, алайда оларға жоғары баға, жұмыс аптасынан кейінгі шаршау және араласуға қолайлы орындардың тапшылығы кедергі болады, деп хабарлайды Tengri Life.
Зерттеуді Harris Poll компаниясы жүргізді. Сауалнамаға АҚШ-тың 4100 ересек тұрғыны қатысты, оның ішінде Z буынының 603 өкілі (18–29 жас) бар.
Неге зумерлер жалғызсырайды?
Z буыны ең "цифрланған" деп саналғанымен, олар жалғызсырайтын болып шықты. Нәтижелер онлайн әлем адамдар үшін шынайы араласудың жылуын алмастыра алмайтынын көрсетті.
Зерттеу деректері бойынша:

Зумерлердің 51 пайызы әдеттегі демалыс күндері өзін жалғыз сезінетінін мойындаған. Бұл барлық буын арасындағы ең жоғары көрсеткіш;49 пайызы офлайн режимде уақыт өткізетін достарының жеткіліксіз екенін айтады;65 пайызы олардың әлеуметтік өмірі бетпе-бет кездесуден көрі телефон мен мессенджерлер арқылы көбірек өтетінін жеткізді.

Бұл ретте көбі кездейсоқ араласу мен жаңа таныстық жетіспейтінін айтады.

"Жаңа адамдармен танысу немесе көбірек дос табу үшін өмірімде кездейсоқ сәттердің көп болғанын қалаймын", - дейді сауалнамаға қатысушылардың бірі.

Зумерлер қайда демалғанды ұнатады?
Жастардың көп бөлігі үшін сенбі кешін үйде өткізу мәжбүрлі жаза емес, негізгі таңдауға айналған:

74 пайызы демалыс күндерінің кем дегенде жартысын үйде өткізеді;73 пайызы үйде қалу олар үшін "әдеттегі жоспарға" айналғанын айтады;71 пайызы демалыста сериалдар, фильмдер көреді немесе видеоойындар ойнайды;69 пайызы уақытын әлеуметтік желіде өткізетіндерін мойындайды.

Бұл ретте зумерлер оқшаулануды адамдардан қашу емес, өзіне күтім жасау деп түсіндіреді. Олар stay-at-home режимінің басты себептері ретінде ақша үнемдеу ниетін (49 пайыз) және психикасы мен тәнін тынықтыру қажеттілігін (47 пайыз) атайды.
Неге Z буынының өкілдері үйде жиі қалатын болды?Қаржылық фактор зумерлер мен дәстүрлі түнгі өмір арасындағы басты кедергіге айналды. Қаржылық прагматизм бір нәрседен құр қалу қорқынышын (FOMO) түпкілікті жеңген сияқты:

Зумерлердің 68 пайызы барларға, мейрамханаларға бару және басқа да ойын-сауықтар ендігі жерде шығынды ақтамайды деп санайды;62 пайызы кейін жұмсалған ақшаға өкінбеу үшін демалыс күндеріне мүлдем жоспар құрмауға тырысады.

Қаржылық шектеу әсіресе баспана жалдайтындар арасында қатты байқалады: жалдаушы жастардың 42 пайызы ойын-сауықты қалталары көтермейтінін мойындаған. Ал зумер қыздардың 41 пайызы басқосулардан бас тартудың басты себебі ретінде қаржылық жағдайды атады.
Жоспарланбаған 100 доллар пайда болса да, жастардың 71 пайызы оны шоттарды төлеуге немесе жинаққа жіберер еді, саусақпен санарлығы ғана оны алкогольге немесе түнгі клубтағы отырысқа жұмсайтынын айтқан.

"Қазіргі уақытта мейрамханаларға бару әмияныма тиетін нұқсанға татымайды", "Кейін жұмсалған ақшаға өкінбеу үшін демалысты жоспарлаудан қашамын", - деп бөлісті сауалнамаға қатысушылар.

Зумерлер қалай демалуға дағдыланған?
Зерттеу Z буыны демалыс форматын біртіндеп өзгертіп жатқанын көрсетті. Мәселен:

88 пайызы дәстүрлі түнгі өмірдің кем дегенде бір форматынан саналы түрде бас тартады;39 пайызы бейтаныс адамдардың көп жиналуын ұнатпайды;38 пайызы шулы орындардан қашады;35 пайызы бір кеште көп ақша жұмсамауға тырысады;73 пайызы ішімдіксіз кездесуге болатын орындардың көбірек болғанын қалайды.

Бұдан бөлек, шулы барлардың орнына Soft Socializing тренді келіп жатыр:

79 пайызы бірге уақыт өткізудің арзан тәсілдерін көбірек қалайды;76 пайызы шулы клубтардан көрі тыныш атмосфераны артық көреді;54 пайызы кештердің орнына күндізгі кездесулерді таңдайды.

Зумерлер денсаулық пен тынығуға байланысты белсенділіктерді жиі таңдайды.
Зерттеу деректері бойынша:

65 пайызы спортпен, фитнеспен және басқа да сауықтыру шараларымен айналысу кезінде өздерін барлар мен клубтарға қарағанда көбірек қоғамға тартылғандай сезінеді;әйелдер арасында бұл көрсеткіш 70 пайызға жетеді.

Сондай-ақ қатысушылардың көпшілігі демалыс күндерінің тыныш қана емес, жаңа таныстықтар орнатуға көмектескенін қалайды.
Бұл ретте зумерлер қоғамнан бас тартпайды - олар әлеуметке қосылудың қолжетімді жолдарын іздейді. Жастардың 71 пайызы өз жастарында үнемі әлеуметтік желілерге байланбай, қарапайым әрі табиғи түрде араласу мүмкіндігі болған алдыңғы буындарға (миллениалдар, Х буыны және бумерлер) қызыға қарайтынын айтады.
Сауалнамаға қатысқандардың оннан алтысы (60 пайызы) тек онлайн сөйлескеннен көрі, достарымен жүзбе-жүз уақыт өткізуді жөн көреді. Тағы 62 пайызы интернеттегі таныстықтардың жиірек шынайы кездесулерге ұласқанын қалайды.
Шығынға батпас үшін зумерлердің 85 пайызы достарымен кездесудің тиімді тәсілдерін тауып алған:

мейрамханаға барудың орнына үйде бас қосады (30 пайыз);жеңілдіктерді, "бақытты сағаттарды" және қаладағы тегін іс-шараларды іздейді (30 пайызға дейін);жаттығу залдарындағы тегін сынақ сабақтарын кездесуге себеп ретінде пайдаланады.

Айта кетсек, зумерлер саяхат саласындағы әлемдік трендтерді де біртіндеп өзгертіп жатыр. Шексіз швед үстелдері мен All Inclusive форматының орнына фитнес, ментальды демалыс және сауықтыру бағдарламалары келіп жатыр. Кейбір қонақүйлер бұл сұраныстарға бейімделе бастады.
Сондай-ақ Z буыны арасында friction-maxxing атты ерекше тренд танымалдылыққа ие болды. Оның мәні - адамдармен тікелей сөйлесу дағдысын жоғалтып алмау үшін кейбір цифрлық ыңғайлылықтардан әдейі бас тарту.
Жақында Оңтүстік Кореяда "дофамин" сайттар деп аталатын платформалар танымал болды, олар сатып алу мүмкіндігінсіз-ақ тамаққа тапсырыс беруден ләззат алуға жағдай жасайды. Олардың басты ерекшелігі - үйреншікті әрекеттерді шынайы өмірде орындамай-ақ, содан жағымды әсер алу мүмкіндігі.
Тағы оқыңыз: Зумерлер арасында “көрімдік“ жаңа трендке айналды






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net