Добавить новость
123ru.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматылықтар пәтерін жөндетеміз деп алданып қалған: сот үкім шығарды

0

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты кәсіпкерді бірқатар алаяқтық деректері бойынша кінәлі деп таныды. Ол клиенттеріне жөндеу жұмыстарын толық аяқтап беруге уәде берген, алайда алдын ала төлемді алғаннан кейін жұмыс тоқтап, тапсырыс берушілермен байланыс үзілген. Компания әрекетінен 24 адам зардап шегіп, жалпы шығын көлемі 70 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бос уәде

Редакция бұл шулы оқиға туралы былтыр егжей-тегжейлі жазған болатын: сол кезде Алматыда жиһаз жасау және пәтер жөндеумен айналысатын компания төңірегінде жанжал туындаған еді. Ондаған қала тұрғыны "толық жөндеу" туралы уәдеге сеніп, миллиондаған аванс бергенін және несие рәсімдегенін, бірақ соңында ақшасыз және қираған пәтермен қалғандарын айтып, алаяқтық туралы шағымданған.

Сол уақытта Полиция департаменті бірнеше рет жасалған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, ал күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатын.

2026 жылғы шілденің соңында бұл іс сотта қаралды.

Жарнама және жөндеу жұмыстары

Сот мәліметінше, 2025 жылдың басында сотталушы жеке тұлғамен алдын ала келіскен. Олар бизнес-орталықтан кеңсе жалдап, сату бөлімін ашқан және Instagram желісінде агрессивті жарнама жүргізген.

Клиенттерді тарту үшін маркетингтік айла қолданылған: "толық жөндеуге" келісімшарт жасасқан жағдайда, азаматтарға ұзындығы үш метрге дейінгі ас үй гарнитурын тегін беруге уәде етілген. Сенімге біржола кіру үшін менеджерлер клиенттерді өз жұмыстары ретінде көрсетіп, бөтен адамдардың дайын нысандарына апарған.

Келісімшарт жасалып, аванс, ал кейде клиенттер бөліп төлеу немесе несие арқылы рәсімдеген жүз пайыздық төлем алынған соң, ЖК жұмысшылары тек минималды жұмыстарды – демонтаж, сапасыз тегістеу немесе қабырғаларды түзету жұмыстарын ғана орындаған. Бұл жұмыс істеп жатқандай көрініс тудыру үшін жасалған. Кейіннен түрлі сылтаулармен құрылыс тоқтап, басшылық клиенттермен байланысын үзген.

Компания әрекетінен 24 адам зардап шекті. Жекелеген эпизодтар бойынша шығын сомасы 1,3-тен 7 миллион теңгеге дейін жеткен. Іс бойынша жалпы шығын көлемі 70 миллион теңгеден асты.

Сотталушының ұстанымы

Сот отырысында кәсіпкер кінәсін мойындамады. Ол қаржылық қиындықтар құрылыс материалдарының қымбаттауынан туындағанын алға тартты. Сонымен қатар, ол прорабтар мен серіктестеріне сілтеме жасап, олардың ақшаны жымқыруы мүмкін екенін және оның хабарынсыз клиенттерге тегін ас үй жиһазын уәде еткенін айтты.

Дегенмен, үкімде сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлер, соның ішінде компания дизайнерлері мен менеджерлерінің айғақтары, келісімшарттар, банктік чектер және бетпе-бет кездестіру хаттамаларымен дәлелденген.

Сот үкімі

Сот сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет жасалған ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Алайда "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң негізінде жаза мерзімі төрттен бір бөлікке қысқартылды.

Нәтижесінде кәсіпкерге қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ер адам 3 жыл мерзімге құрылыс-монтаждау жұмыстарымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сот материалдық шығынды өтеу туралы 22 азаматтық талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. Тағы екі жәбірленушінің шығыны өтелгеннен кейін талаптарынан бас тартуына байланысты, олардың арыздары қараусыз қалдырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net