Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Wildberries бірнеше өрттен кейін Қазақстаннан бос қоймалар іздестіріп жатыр

0

Ресейдегі логистикалық нысандарда болған бірқатар өрттен кейін Wildberries Қазақстаннан бос қоймалар іздеуге кірісті. Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, компания 100 мың шаршы метрге дейінгі қойма жайларын жалға алуы мүмкін, деп хабарлайды Tengri Life.
"Коммерсант" басылымының жылжымайтын мүлік нарығындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, RWB тобы (Wildberries маркетплейсін дамытушы) Қазақстанда қойма жайларын іздестіре бастаған.
Басылым сөйлескен тұлғалардың бірінің айтуынша, компанияға шамамен 100 мың шаршы метр қажет. Тағы бір дереккөз Wildberries қазіргі таңда ел нарығында қолжетімді барлық дерлік сапалы бос қоймаларды жалға алуға дайын екенін алға тартады.
Басылым мәліметінше, компания Қазақстанды сатушылар тауарларының бір бөлігін қайта бөлу және логистикалық желінің тұрақтылығын сақтау алаңдарының бірі ретінде қарастырып отыр.
Wildberries не дейді?
Wildberries Tengri Life-қа Қазақстанда логистикалық инфрақұрылымды дамыту компанияның ұзақ мерзімді жоспарларының бір бөлігі екенін хабарлады.

"Компания өзі жұмыс істейтін елдерде логистикалық нысандарды салу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Олардың бір бөлігі жақын арада пайдалануға беріледі", - деп хабарлады Wildberries өкілдері.

Компания сонымен қатар тауарларды логистикалық кешендер арасында қайта бөлуді жалғастырып жатқанын растады.

"Қазіргі таңда біздің барлық ұйымдастырушылық күш-жігеріміз тауарларды түрлі қоймаларға қайта бөлуге бағытталған, бұл олардың айналымын қолайлы ету және серіктестеріміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр", - деп атап өтті компания.

Бұған дейін RWB Қазақстанда екі ірі логистикалық нысанның құрылысы жалғасып жатқанын хабарлаған болатын. Оның бірі - ауданы 100 мың шаршы метрден асатын кешен Алматыда, екіншісі - ауданы 160 мың шаршы метрлік нысан Астанада салынып жатыр. Оны келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Wildberries қазіргі уақытта негізгі назар тауарларды қоймалар арасында қайта бөлуге аударылып жатқанын атап өтті.

"Қазіргі барлық ұйымдастырушылық күш-жігер тауарларды түрлі қоймаларға қайта бөлуге бағытталған, бұл олардың айналымын қолайлы ету және серіктестердің экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін қажет", - деп хабарлады RWB баспасөз қызметі.

Неге Қазақстан таңдалды?
"Infoline-Аналитика" бас директоры Михаил Бурмистровтің айтуынша, Қазақстан, Ресей және Беларусь Еуразиялық экономикалық одаққа мүше, сондықтан тауарлар елдер арасында еркін қозғала алады.
Оның айтуынша, тауарлар ассортименті қазірдің өзінде түрлі елдердің логистикалық орталықтары арасында бөлініп жатыр.

"Қазақстандық қоймаларда ресейлік сатушылардың тауарлары, ал ресейлік қоймаларда қазақстандықтардың тауарлары болуы мүмкін. Бизнестің дамуына және шет елдердегі сатушылар пулының кеңеюіне қарай трансшекаралық жеткізілімдер теңгерімі өзгеруі мүмкін", - деп түсіндірді Михаил Бурмистров.

Сонымен қатар сарапшы ресейлік сатушылар тауарларының едәуір бөлігін Қазақстанға көшіру операциялық шығындар мен жеткізу мерзімі тұрғысынан тиімді бола қоюы екіталай деп есептейді.
Айта кетейік, соңғы апталарда Ресейдегі Wildberries-тің бірнеше логистикалық нысанында өрт шықты.
Алдымен өрт Тамбов облысының Котовск қаласындағы және Мәскеу облысының Электросталь қаласындағы компания қоймаларында тіркелді. Ресми мәліметтер бойынша, сол кезде сегіз адам қаза тауып, 50-ге жуығы жараланған.
Кейінірек өрт Краснодардағы және Ставрополь өлкесінің Невинномысск қаласындағы логистикалық кешендерде, содан кейін Ленинград облысы, Тверь, Симферополь және Рязань облысындағы қоймаларында шықты.
Оқиғалардан кейін Wildberries логистикалық процестерді қайта құрғанын мәлімдеді. Компания тауарлардың қоймалар арасында қайта бөлініп жатқанын, ал сатып алушылар, соның ішінде қазақстандықтар да тапсырыстарды әдеттегі режимде ресімдей алатынын айтты.
Тағы оқыңыз: Ресейде тағы бір Wildberries қоймасы өртенді






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net