Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

“Ұйқыға жатып, оянбаған“: Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тексеру басталды

0

Қостанайда мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы 14 жастағы тәрбиеленушінің өлімінің мән-жайы анықталып жатыр. Жасөспірім күндіз ұйқыға жатқан кезінде көз жұмған. Өлім дерегін Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мүгедектігі бар баланың өлімі туралы құқық қорғау орталығы хабарлаған болатын. Жарияланымда жасөспірімнің жағдайына бөлмедегі ыстық пен кондиционердің жоқтығы әсер етуі мүмкін деген болжам айтылған. Қазіргі уақытта бұл нұсқаға қатысты ресми растау жоқ, өлім себептері анықталып жатыр.
Қостанай облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше, өлім себептері тергеу барысында анықталады.

"Сонымен қатар, орталықта әр балаға тиісті деңгейде тәулік бойы күтім ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Топтарда үнемі кіші медициналық персонал болады, медициналық бекеттер тәулік бойы жұмыс істейді, күніне екі рет медицина қызметкерлері мен орталық басшылығы аралайды және медициналық тексеру жүргізеді, педиатр, невропатолог мамандар жұмыс істейді. Күн бойы тәрбиеленушінің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды, дене қызуының көтерілуі немесе шағымдар байқалған жоқ, бала белсенді болды, түскі асын ішіп, күндізгі ұйқыға жатқызылды", - деп хабарлады басқарма.

Басқарма жағдайдың бақылауда екенін атап өтті. Ведомство мәліметінше, орталықтың барлық тобы кондиционермен жабдықталған, ал күн райының ысуына байланысты сұйықтық ішу және температуралық режимнің сақталуына ерекше көңіл бөлінген.
Кәмелетке толмаған баланың өлімі дерегін өңірлік полиция да растады.

"Кәмелетке толмаған баланың өлімі дерегі бойынша полиция тексеру бастады. Қажетті процестік әрекеттер жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылданады", - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов.

Жағдай Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында. Оның айтуынша, жасөспірім болған және ұйықтауға жатқан бөлмеде қуаты аз болса да кондиционер орнатылған.

"Бала орталықта 2016 жылдың тамызынан бері болған, оған Даун синдромы және терең ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылған. Ата-анасы бас тартқан, оған ешкім келмеген. Орталық қызметкерлерінің түсіндіруі бойынша, бала ұйқыға жатқан, кейін оны оята алмаған, ол оянбаған. Содан кейін жедел жәрдем мен полиция шақырылды", - деді өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Бәсенова.

Анықтама: Қостанайдағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы — ауыр диагноздары бар балалар тәулік бойы болатын мекеме. Сондай-ақ орталыққа күндізгі стационар форматында көмек көрсетілетін тәрбиеленушілер де барады. Бұған дейін аталған мекеме түрлі оқиғаларға байланысты қоғам назарына іліккен болатын.
Бұған дейін орталық әлеуметтік желілерде видео жарияланғаннан кейін назарға іліккен еді. Tengrinews.kz редакциясына оқырмандардан келіп түскен кадрларда ер адам жүгіру жолындағы тәрбиеленушіні таяқпен түртіп және теуіп тұрғаны көрінеді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net