Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Желіде Криштиану Роналдудың үйлену тойы өтетін күн жарияланды: не белгілі?

0
Әлеуметтік желілерде 1 тамызда атақты футболшы Криштиану Роналду мен оның қалыңдығы Джорджина Родригестің үйлену тойы өтетіні хабарланды. Tengri Sport қазіргі уақытта салтанатты шара туралы белгілі болған барлық ақпаратты жинауға тырысты.
Бірнеше ақпарат көзі осы сенбіде Португалияның Синтра қаласында әлемдегі ең танымал жұптардың бірі қарым-қатынасын ресми түрде тіркейтіні туралы мәлімет жариялады.
Бұл ақпаратты кейбір БАҚ өкілдері іліп әкетіп, тіпті әлеуетті қонақтардың тізімін де жариялай бастады.
Мәліметтерге сүйенсек, тізімде француз футболшысы Килиан Мбаппе, UFC жұлдыздары Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор, сондай-ақ әншілер Рианна, Дженнифер Лопес, Дрейк және Трэвис Скотт бар.


Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес келесі аптада шаңырақ көтереді. Тойға қатысуы күтілетін кейбір танымал тұлғалар:Хабиб НурмагомедовКонор МакгрегорРио ФердинандВин ДизельПирс МорганРодригоРианнаВинисиусКилиан МбаппеЭстер ЭкспозитоДженнифер Лопес… pic.twitter.com/o1zQBAP23l— Gossip Magazin (@gossipmagazinn) 27 шілде, 2026 жыл
Айта кетейік, жұптың өзі де, беделді БАҚ өкілдері де салтанатты шараның нақты күні туралы әзірге ақпарат жариялаған жоқ.Өткен қараша айында футболшы үйлену тойын әлем чемпионатынан кейін өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Кейбір дереккөздер бұл оқиға қыркүйек айында болуы мүмкін деп мәлімдеді.
Сонымен қатар Криштиану Роналду жақында ғана бүкіл отбасымен жеке ұшағымен беймәлім қалаға қонды.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы


Роналду мен Джорджина 9 жылдан бері бірге болса да, әлі күнге дейін некеге тұрмағанЕске сала кетейік, ең көп таралған нұсқа бойынша, Криштиану Роналду мен Джорджина Родригестің махаббат хикаясы 2016 жылы Мадридте, ол сатушы болып жұмыс істеген Gucci бутигінде басталған.
Кейінірек модельдің досы Пабло Бун жұптың шын мәнінде Opium түнгі клубында танысқанын, ал бутиктің қатысуы бар нұсқа тек маркетингтік айла екенін мәлімдеген.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Georgina Rodríguez (@georginagio) жариялаған жазба


2017 жылы жұп қарым-қатынасын ресми түрде растады, содан бері олардың одағы спорт пен шоу-бизнес әлеміндегі ең елеулі оқиғалардың біріне айналды.
Жұлдызды жұптың бес баласы бар, оның екеуінің анасы Джорджина болса, қалғандарына ол қамқоршы саналады.

Кіші Криштиану Роналду (2010 ж.т.) – үлкен ұлы, суррогат анадан туған.
Ева Мария мен Матео (2017 ж.т., егіздер) – суррогат анадан туған.
Алана Мартина (2017 ж.т.) – Роналду мен Джорджинаның қызы.
Белла Эсмеральда (2022 ж.т.) – Роналду мен Джорджинаның кенже қызы.














Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Georgina Rodríguez (@georginagio) жариялаған жазба


2025 жылдың тамызында Джорджина өзінің әлеуметтік желілерінде саусағындағы үлкен жүзіктің суретін жариялап, үйленетіндері туралы айтты. Оның айтуынша, той "шағын", бірақ өте көптен күткен қуаныш болмақ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Georgina Rodríguez (@georginagio) жариялаған жазба


Кейінірек Роналду да үйлену тойы болатынын растады, бірақ бұл тек футболдан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін ғана жүзеге асатынын баса айтты. Ол бұл додадан кубокпен оралуды жоспарлаған еді.
Нәтижесінде Португалия құрамасы 1/8 финал сатысында-ақ жарыстан шығып қалды - олар болашақ чемпион Испаниядан жеңілді. Роналдуның өзі үш голмен көзге түсті, оның ішінде 1/16 финалда Хорватиямен болған ойында жеңіс голын соқты.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net