Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Астанада қара қоңыз қаптады: мамандар не дейді?

0

Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде ерекше жәндіктерге шағымданып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, қара қоңыздар жоғарғы қабаттардағы пәтерлерге де кіріп кеткен. Tengrinews.kz тілшісі бұл қандай жәндіктер екенін және олардан қорқудың қажеті бар-жоғын анықтады.
Елордадағы жұмбақ қоңыздар. Әлде тарақандар ма?
Осы айда Threads желісінде Астана тұрғындарының мазасын қашырған жұмбақ жәндіктер туралы жазбалар мен пікірлер көбейді.
Астаналықтар бірінің айтуынша, ол тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатында тұратынына қарамастан, "күтпеген қонақ" сол жаққа да жетіп үлгерген.
Пікір қалдырғандар арасында осындай жағдайға тап болғандар аз емес.
Threads-тен скриншот
Threads-тен скриншот
Threads-тің тағы бір қолданушысы бұл жағдайды "тарақанның қаптауы" деп атап, өз бақылауы бойынша жәндіктер көбіне Мәңгілік ел даңғылы мен Бұқар жырау көшесінде кездесетінін атап өтті.
Threads-тен скриншот
Кейбір оқырмандар бұл тарақан емес, қоңыз екенін айтып, ер адамның сөзін түзетті. Қазір оларда шағылысу кезеңі жүріп жатқан көрінеді.
Мамандар не дейді?
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мәліметінше, бұл жарияланымдардың барлығында қара ызылдақ қоңыз туралы сөз болып отыр. Бұл жәндіктер зиянкес емес, сондықтан қала ішінде оларға қарсы арнайы өңдеу жұмыстары жүргізілмейді.

"Бұл жәндіктер санитарлық-эпидемиологиялық маңызы бар зиянкестерге жатпайды, халықтың денсаулығына қауіп төндірмейді және жоспарлы дезинсекциялық шаралар нысаны емес. Олардың жаппай пайда болуы уақытша маусымдық сипатқа ие және табиғи миграцияға байланысты", - деп түсіндірді басқармадағылар.

Мамандардың бақылауынша, жәндіктер саны ешқандай арнайы өңдеусіз-ақ бір жарым-екі апта ішінде өздігінен азаяды.
Қара ызылдақ қоңыз деген не?
Қара ызылдақ қоңыз - бақшаларда, саябақтарда, ормандарда, саяжайларда жиі кездесетін ызылдақ қоңыздар тұқымдасына жататын ірі жәндіктер. Әдетте олардың түсі қара немесе қою қола түсті болады және өте жылдам қозғалады.
Ызылдақ қоңыздардың көпшілігі - жыртқыш. Олар шырыш және ұлулармен, жұлдызқұрттармен, жәндіктер дернәсілімен, біте және басқа да зиянкестермен, кейде жауын құртымен қоректенеді.
Кейбір түрлері өсімдік тұқымдарын да қорек ете алады.
Ызылдақ қоңыздар адамды шақпайды, улы емес және қауіпті ауруларды тасымалдамайды. Егер қоңызды қолға алса, ол қорғану үшін өткір иісті сұйықтық бөлуі мүмкін, бірақ бұл адам үшін қауіпті емес - тек қолды жуу жеткілікті.
Олардың қандай пайдасы бар?
Ызылдақ қоңыздар бақша мен бау-бақшадағы ең пайдалы жәндіктердің бірі. Олар зиянкестер санын табиғи жолмен азайтуға көмектеседі, сондықтан оларды "өнімнің табиғи қорғаушылары" деп те атайды. Олардың арқасында жәндіктермен күресу үшін химиялық заттарды сирек қолдануға болады.
Қарапайым тілмен айтқанда, егер сіз аулаңыздан қара ызылдақ қоңызды көрсеңіз, бұл зиянкес емес, пайдалы көмекші болғаны.
Бұған дейін Ақтөбе тұрғындары да қара қоңыз қаптағанына жаппай шағымданған болатын. Жәндіктер аулалар мен саябақтарда үймелеп, үйлер мен пәтерлерге москит торынан да кіріп кеткен. Әкімдіктегілер қоңыздардың жаппай пайда болуы мен миграциясы ұзаққа созылған жауын-шашыннан кейін топырақтың шамадан тыс ылғалдануы мен қоршаған орта жағдайының өзгеруі нәтижесінде болуы мүмкін екенін түсіндірді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net