Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Италиядағы жанжал: аңызға айналған Пирло күтпеген себеппен бапкерлік қызметінен айырылды

0
Италияның аңызға айналған футболшысы Андреа Пирло букмекерлік кеңселермен келісімшартына байланысты БАҚ-та жанжал туындағаннан кейін ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына үміткер емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport маманның әлеуметтік желілеріне сілтеме жасап.
Италия құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, футбол федерациясы әлі күнге дейін жаңа тәлімгерді тағайындаған жоқ. БАҚ ықтимал үміткерлердің арасында 2006 жылғы әлем чемпионы және "Ювентустың" бұрынғы бапкері Андреа Пирлоның есімін атаған болатын.
Алайда соңғы күндері экс-футболшының букмекерлік кеңселердің бірінің амбассадоры ретіндегі қызметіне қатысты оған қарсы ақпараттық науқан басталды.
Жанжал Италияның тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығы (Codacons) бәс тігуді жарнамалауға тыйым салудың бұзылуына байланысты тергеу бастау талабымен Байланыс мәселелері жөніндегі басқармаға (AGCOM) шағым түсіру ниетін білдіргеннен кейін басталды.
Сонымен қатар қауымдастық Пирлоның Италия құрамасына тағайындалуына тосқауыл қою үшін сотқа талап арыз беретінін де атап өтті.
Жағдайды Пирлоның ресейлік букмекермен жұмыс істейтіні ушықтырып тұр. Италиялық баспасөз бұл жағдайға қызу пікірталаспен жауап беріп, Италия футбол федерациясының (FIGC) басшысы Джованни Малагоның есімін де атап өтті.

Brescia.it газеті:Пирлоның тағайындалуы күмән тудырды: ресейлік букмекерлік агенттікке қатысты қауіптер
Il Messaggero.it (Ұлттық басылым)Ванначчи: "Ресейлік демеушілер ме? Саясаткерлер ешкімнің жағына шықпауы керек".
Adnkronos:Пирло және Ресейдің араласуы туралы іс, Малагоның пікірі және Codacons талап еткен тергеу.
Il Quotidiano del Sud.itПирло және Ресей ісі, Малагоның үлесі және Codacons талап еткен тергеу.
Il Quotidiano del Sud.it:Пирлоның Ресейдегі демеушілік ісі, FIGC-те келесі бапкер туралы бірнеше сағатқа созылған талқылаулар.

Желідегі ынтымақтастықтан бөлек, Пирло 2026 жылдың мамыр айында Мәскеуге брендтің іс-шараларының біріне барған.
Италия футболы аңызының есімі бір тәулік бойы бүкіл елде талқыға түскеннен кейін, бапкер мәлімдеме жасауға бел буды.

"Федерацияға және барлық қатысы бар адамдарға деген құрметімнен осы уақытқа дейін үнсіз келдім. Бірақ кеше түнде Италия құрамасының бас бапкерлігіне үміткер емес екенімді білгеннен кейін, кейбір тұстарды нақтылауды жөн көрдім. Соңғы күндері менің есімім мен Италия құрамасын басқару мүмкіндігім төңірегінде өрбіген пікірталастарды үлкен өкінішпен бақыладым.Мен өзімнің бүкіл мансабымда, алдымен футболшы, ал бүгінде бапкер ретінде, әрқашан жұмыс істеген елімнің заңдарын толық сақтап, қол қойылған келісімшарттарды орындап келемін.Соңғы дау-дамайлар менің БАӘ және АҚШ-пен ынтымақтастығыма байланысты туындады, олар тек коммерциялық және спорттық сипатта. Мұндай ынтымақтастыққа саяси мән беру - маған тән емес және мен ешқашан білдірмеген сенімдерді маған таңу деген сөз", - деп жазды Пирло әлеуметтік желіде.

Осылайша, Пирло Италия командасының бапкері лауазымына үміткер емес екенін растады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Andrea Pirlo Official (@andreapirlo21) жарияланымдарынан


Пирло жанжалы: Ресей реакциясы
Пирлоның есімі байланыстырылған букмекер футболшыға қолдау білдіріп, жағдайға пікір білдірді. Ұйымның баспасөз қызметінің мәліметінше, олар Андреаның мансабы төңірегіндегі туындаған пікірталасты үлкен өкінішпен бақылап отыр.
Сонымен қатар Ресейдің Италия мен Сан-Маринодағы елшісі Алексей Парамонов та бұл жанжалға қатысты пікір білдірді.

"Дипломатияның қазіргі дағдарысы жағдайында сіздей тұлғаның елші болуы кез келген ел мен ұйым үшін үлкен мәртебе екені сөзсіз. Әлемдік спортқа және Италияның шетелдегі имиджіне қосқан үлесіңізге қарамастан, мыңдаған ресейлік спортшы, дирижер, музыкант, суретші мен режиссерлер сияқты, Италиядағы жалған демократиялық истеблишмент тарапынан шеттетіліп жатқаныңыз өкінішті. Бұл сізге көмектеспесе де, біз сізге шын жүректен тілектеспіз", - деді ол өзінің Telegram-арнасында.

Еске сала кетейік, Пирло - Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы, Италияның алты дүркін чемпионы және әлем чемпионатының жеңімпазы. Ол ұлттық құрама сапында 116 ойын өткізіп, команда үшін ең көп матч өткізген футболшылардың алғашқы жетілігіне кіреді.
Ал қазіргі жағдайға келсек, Италия құрамасы қатарынан үш рет әлем чемпионатына жолдама ала алмады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Nazionale Italiana di Calcio (@azzurri) жазбасы


2026 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі "Алтын допқа" басты үміткерлер аталды





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net