Алматыда полицейлер ізін суытпай алты күдіктіні ұстады
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жанжал кезінде бір жас жігіттің пышақ жарақатын алғанын анықтады. Ізін суытпай оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен алты жас жігіт ұсталды.
Ұсталғандардың кейбірінің киімінен қанға ұқсас іздер табылды. Сондай-ақ тергеу үшін маңызы бар заттар тәркіленді.
Ұсталғандардың барлығы тергеу амалдарын жүргізу үшін Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның толық хронологиясын, жанжалдың себептерін, әрбір қатысушының рөлін, сондай-ақ пышақ жарақатын салуға тікелей қатысы бар адамды анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
