Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Иран АҚШ-қа келтірілген шығын көлемі мен қаза тапқан америкалық әскерилер санын жариялады

0

Иран әскерилері кейінгі екі аптада Таяу Шығыстағы Америка базаларына жасалған соққылар арқылы АҚШ-қа 20 миллиард доллардан астам шығын келтірді. Бұл туралы Tasnim агенттігіне Иран Ислам революциясы күзеті корпусының (ИРКК) өкілі Хосейн Мохеби мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Келтірілген бағалау көрсеткендей, егер ИРКК ресми өкілі мәлімдеген шығындар тізімінің дәлдігіне сүйенсек, 8 мен 22 шілде аралығында жойылған жабдықтар мен инфрақұрылымды ауыстыру құны шамамен 20 миллиард долларды құрайды", - деп хабарлады ирандық агенттік.

Tasnim ақпаратынша, бұл бағалау америкалық әскери техниканың бағасына, қорғаныс келісімшарттары мен Пентагонның бюджеттік құжаттарындағы ақпаратқа және ұқсас инфрақұрылымды қалпына келтіру құны туралы мәліметтерге негізделген.
Мохебидің айтуынша, соғыс қимылдары қайта басталғаннан бері ирандық тарап АҚШ-тың 200-ден астам әскери қызметшісінің көзін жойған. Жараланғандар саны бұдан әлдеқайда көп.
ИРКК ресми өкілі операцияның жалғасып жатқанын және оның АҚШ-тың өңірдегі қатысуына қатысты нысандарға бағытталғанын атап өтті.
Генерал Мохеби кейінгі екі апта ішінде (6 мен 22 шілде аралығында) Иран соққыларының нәтижесінде АҚШ-тың 11 жойғыш ұшағы мен тікұшағы, 17 барлау және жедел ұшқышсыз ұшу аппараты, ангарда болған F-15 жойғышы, P8 ұшағы, C17 көліктік ұшағы және 8 жанармай құюшы ұшағы жойылғанын айтты.
Генерал Хосейн Мохеби. IRNA
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп 8 шілдеде 18 маусымға қараған түні қол жеткізілген атысты тоқтату режимі енді күшінде емес екенін мәлімдеді. Одан кейінгі күндері америкалық әскерилер 13 түн бойы Ирандағы нысандарға соққы жасады. Тегеран бұған Таяу Шығыс елдеріндегі американдық базаларға шабуыл жасау арқылы жауап қайтарды.
Кеше Трамп Иранға соққы жасауды тоқтату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды, осыған байланысты Тегеран да қарымта операцияларды тоқтатты.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net