Алматыда еріктілер екі аптадан бері жоғалып кеткен әйелді таба алмай жатыр. Ол туралы бағыт-бағдар LIDER.KZ-тің Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.1986 жылы туған Жақышева Назым Түсіпбайқызы 13 шілдеде жоғалып кеткен. Күндізгі сағат 13:30 шамасында әйел Қызылорда қаласындағы үйінен шығып кеткен. Келесі күні таң ертемен ол Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Әшімов көшесінде байқалған.
Белгілері: бойы - 165 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, ұзын.Үстіне ұзын жеңді қызғылт кофта, қара жейде, көк шалбар және қара балетка киген. Күннен қорғайтын көзілдірік таққан.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы еріктілері "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz) жазбасы