“Арандатуға ермеңіздер“. Алматы полициясы футбол жанкүйерлеріне үндеу жасады
Департаменттің мәліметінше, алдағы кездесу көптен күткен іс-шаралардың бірі болмақ және стадионға мыңдаған көрермен жиналады. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияның күшейтілген жасақтары, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және басқа да бейінді қызметтер жұмылдырылады. Стадион аумағында және іргелес учаскелерде заманауи бейнебақылау мен бақылау құралдары қолданылады.
Сондай-ақ, көрермендерді бір-біріне құрметпен қарап, командаларын заң аясында қолдауға шақырды.
Ведомство агрессияға берілу, тыйым салынған белгілер мен атрибутиканы пайдалану, бейәдеп сөздер айту және жанжал шығаруға әрекеттену Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
"Өз командаларына қолдау көрсету үшін Алматыға келген барлық жанкүйерді қуана қарсы аламыз. Біздің ортақ міндетіміз – бұл матчтің әдемі ойынмен, жарқын эмоциялармен және бір-біріне деген құрметпен есте қалуын қамтамасыз ету. Баршаңызды қоғамдық тәртіпті сақтауға, арандатуға ермеуге және нағыз жанкүйерді мінез-құлық мәдениеті, қарсыласқа деген құрметі мен өз командасына шынайы қолдау көрсетуі ерекшелендіретінін есте ұстауға шақырамыз. Өз тарапымыздан полиция матчке қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шараны қабылдайды", - деді Алматы қалалық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Қазақстан премьер-лигасының "Қайрат" пен "Ордабасы" арасындағы матч3 бүгін сағат 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтеді.
