Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Жетісу облысында ескі үйлер сүріледі: қайда және қашан?

0
Жетісу облысында 78 үй тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасына енгізілді. Ол Талдықорған, Текелі қалаларын, сондай-ақ, Ақсу және Кербұлақ аудандарын қамтиды, - деп хабарлайды Тengri Нome.2026 жылғы 2 шілдеде Жетісу облыстық мәслихаты тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекітті. Ол үш міндетті шешуге тиіс:

Апатты тұрғын үйлерді сүру және азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту.
Реновациялау аумақтарын игеру үшін жеке құрылыс салушыларды тарту.
Басым құрылыс аумақтарын, апатты үйлерді сүру кезеңдерін және реновациялау шараларын айқындау.

Сүрілетін нысандар қатарына мыналар жатады:

тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлер;жеке тұрғын үйлер;саяжай учаскелері;гараж кооперативтері.


"Бағдарламаға енгізілген реновациялау нысандары тұрғын жай иелеріне бұрынғы баспанасының жалпы ауданына сәйкес келетін жаңа пәтерлер беріледі. Апатты (тозығы жеткен) көппәтерлі үйлердің тұрғындарына, құн айырмашылығын өтеу (қосымша төлем жасау) шартымен, бұрынғы пәтерлеріне қарағанда бөлме саны көп жаңа пәтерлерге көшуге рұқсат етіледі", - делінген бағдарламада.

Алайда реновациялау жұмыстары пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің 100 пайызы бағдарламаға қатысуға келіскен жағдайда ғана басталады.
Жетісу облысында реновация бағдарламасы бойынша үйлер қай жерде сүріледі?
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Тengri Нome сауалына берген жауабында бағдарламаға қанша үй енгенін айтты:

"Бағдарламаға реновациялануға тиіс көппәтерлі тұрғын үйлердің жаңартылған тізімі енгізілді. Бүгінде оның құрамында 78 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 67-сі апатты (Ақсу ауданы, Кербұлақ ауданы, Талдықорған, Текелі), ал 11-і тозығы жеткен үйлер (Текелі)".

Әзірге жоспар белгілі болды:

2026 жылы Талдықорған мен Текеліде бір-бір үйден сүру жоспарланып жатыр;2027 жылы - Талдықорғанда екі үй;2028 жылы - Талдықорғанда, Ақсу және Кербұлақ аудандарында екі үйден;2029 жылы - Талдықорған мен Кербұлақ ауданында екі үйден, сондай-ақ, Ақсу ауданында үш үй.

Бағдарлама үйлерді техникалық тексеруден кезең-кезеңімен өткізуді, оларды бұзу немесе реконструкциялау туралы шешім қабылдауды, меншік иелерін көшіруді, сондай-ақ, жаңа тұрғын үй салуды қарастырады.

"Бағдарлама іс-шараларын іске асыру қаржыландыру көлеміне, жобалық құжаттаманың дайындық деңгейіне және өзге де ұйымдастыру шаралардың орындалуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Осыған байланысты бұл бағытта, соның ішінде инвесторларды іздеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды басқармадағылар.

Биыл Жетісу облысында 6 000-нан аса кезекте тұрған адамды, соның ішінде апатты үй тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net