Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

Wildberries жаңа өрт оқиғаларынан кейін бірнеше кешеннің жұмысын тоқтатты

0
Ресейдегі Wildberries нысандарында тағы өрт оқиғалары тіркелді. 24 шілдеге қараған түні бірден бірнеше өңірден - Ленинград облысы, Тверь және Симферопольден өрт туралы хабарламалар түскен. Логистикалық нысандардың бір бөлігі жұмысын уақытша тоқтатты, компания нысандардың бірінде қызметкерлердің эвакуацияланғанын растап, бірнеше кешеннің жұмысына шектеу қойылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі DW мәліметіне сілтеме жасап.
Жаңа өрттер туралы не белгілі?
Бірқатар Telegram-арна мен БАҚ мәліметінше, өрт Ленинград облысы Всеволожск ауданындағы Новосаратовка ауылында орналасқан Wildberries қоймасында болған. Бұл логистикалық кешен Санкт-Петербургке қызмет көрсетеді және қала маңында орналасқан.

Кейінірек Санкт-Петербург аспанында тағы екі өрт ошағы көрінгені туралы ақпарат тарады. Желіде оқиға орнынан түсірілген қою түтіннің суреттері мен бейнежазбалары жарияланды.

Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко ресми түрде "Всеволожск ауданы Новосаратовка ауылындағы компания қоймаларында өрт шыққанын" растады.
Оның айтуынша, оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен.

"Оларға ауруханада дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр", - деді губернатор.

Сондай-ақ Wildberries-тің Тверь және Симферополь қалаларындағы логистикалық нысандарына қатысты да өрт туралы хабарламалар пайда болды.

Wildberries бірнеше кешеннің жұмысын уақытша тоқтатты
24 шілдеде таңертең Wildberries баспасөз қызметі логистикалық желінің бір бөлігіндегі жұмыс тәртібіне уақытша өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

"Компанияның Шушары мен Уткина заводтағы (екеуі де - Санкт-Петербург) логистикалық кешендерінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Жұмыстың қайта жандануы туралы қосымша хабарланады", - деп мәлімдеді компания өкілдері.


Сонымен қатар RWB Wildberries Russ баспасөз қызметі Симферопольдегі сұрыптау орталығынан адамдардың эвакуацияланғанын айтты.

"Компанияның Симферопольдегі сұрыптау орталығы қауіпсіздік талаптарына сәйкес эвакуацияланды", - деді компаниядағылар.

Нысандардың жұмысы қашан қайта басталатыны әзірге белгісіз.
Қазақстандықтардың тапсырыстары не болады?
Бұған дейін Wildberries логистикалық кешендеріндегі өрттерден кейін қазақстандық сатып алушылар мен сатушылар тарапынан тапсырыстардың кешігуі мүмкін екені туралы сұрақтар туындаған болатын.
Сол кезде компания логистикалық желінің қайта құрылғанын және сервистің штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын айтып сендірген еді.

"Біз командамен бірге сіздер үшін жұмысты жалғастырып жатырмыз және тауарларды дәл уақытында жеткіземіз. WB сөресінде бар нәрсенің бәріне тапсырыс беруге болады, зардап шеккен қоймалардағы тауарлар жасырылды. Логистикалық инфрақұрылымымыз Wildberries-ті бұрынғыдай оңай әрі ыңғайлы пайдалану үшін процестерді қайта құруға мүмкіндік берді", – деп жазды Wildberries негізін қалаушы Татьяна Ким Telegram-арнасында.

Wildberries баспасөз қызметі де бұған дейін болған оқиғалар тапсырыстарды рәсімдеу мен жеткізуге, соның ішінде қазақстандық сатып алушыларға еш әсер етпегенін хабарлаған.
Сондай-ақ компания сатушыларға, соның ішінде қазақстандықтарға да қолдау шараларын жариялады. Олардың қатарында - тауар жеткізілгеннен кейін 45 күн бойы жекелеген қоймаларда сақтауға берілетін жеңілдіктер мен өңірлік қоймаларға транзиттік жеткізілімдер үшін ақыны алып тастау шаралары бар.
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі бұған дейін осы жағдайға байланысты отандық кәсіпкерлерден ешқандай өтініш түспегенін хабарлаған болатын.
Ресейде тағы екі Wildberries кешені өртенді





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net