Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Секундына 29 миллион: Аргентинаның ӘЧ-дегі атышулы матчі рекордты жаңартты

0

Футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Аргентина - Мысыр матчі кезінде WhatsApp мессенджерінің пайдаланушылары бір-біріне секундына 29 миллионнан астам хабарлама жолдаған. Бұл платформаның жаңа рекорды, деп хабарлайды Tengri Sport Meta-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 шілдеде өткен матч әлеуметтік желілерде бұрын-соңды болмаған дүрбелең тудырды. Ойын барысында бес гол соғылды - Аргентина 0:2 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестіре алды.

"Аргентина мен Мысыр арасындағы 1/8 финалдық матч кезінде WhatsApp секундына 29 миллионнан астам хабарлама өңдеді - бұл аталған платформа үшін жаңа абсолют рекорд. Бұл 2022 жылғы финал кезінде орнатылған бұрынғы рекордтан асып түсті", - деп хабарлайды Meta.

Дегенмен, ӘЧ-2026 финалындағы Испания - Аргентина кездесуінде жаңа көрсеткіш тіркелді.

"Финалда бұл рекорд тағы да жаңарып, секундына 30 миллионнан астам хабарламаға жетті", - деп толықтырды компания.

Аргентина мен Мысыр арасындағы даулы матч
Еске сала кетейік, Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы матч кезінде мысырлықтар 15-минутта есеп ашқан болатын, ал 21-минутта олардың қақпасына пенальти белгіленді, бірақ Лионель Месси оны жүзеге асыра алмады.
Екінші таймның 58-минутында Мостафа Зико Аргентина қақпасына екінші голды соқты, бірақ ол бейне төрешінің араласуынан кейін есептелмеді. 9 минуттан соң ол ережеге сай гол соғудың ретін тапты.
79-дан 92-минутқа дейін аргентиналықтар үш гол соғып, ойын тағдырын шешіп кетті.
Кездесу аяқталған соң Мысыр құрамасының бас жаттықтырушысы Хоссам Хассан Месси әрі қарай өтсін деп ФИФА матчті әдейі ұйымдастырды деп мәлімдеді.

"Салдарына қарамастан, ойымдағыны ашық айтамын: бұл анық келісілген матч болды және оны бүкіл әлем көрді. Егер олар Аргентинаның жеңгенін қатты қаласа, басқаларды қатыстырудың керегі не?
Әлем чемпионатының маркетингтік индустрияға айналғаны айдан анық. Олар Месси жарыстан шығып кеткенін қаламайды. Сондықтан бұл кездесуде әділдік болған жоқ. Месси босқа тойламауы керек", - деді маман.

Мысыр футбол федерациясы ФИФА-ға шағым дайындады, бірақ ол назарсыз қалды.
Аргентина 1/4 финалда Швейцарияны жеңгеннен кейін, белсенділер аргентиналықтарды Әлем чемпионатынан шеттету туралы петиция жариялады. Ол бір тәулікте 3 миллион қол жинаса, ӘЧ-2026 аяқталғанға дейін оны 23 миллионнан астам адам қолдады.

“Аргентинаны шығарып тастаңдар“: 3 миллион адам ФИФА-ға қарсы петицияға қол қойды
Аргентина ӘЧ-2026 кезіндегі жала жабулар бойынша ауқымды талап арыз бермек






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net