Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Қазақстанда қатерлі ісік диагностикасының мерзімі өзгерді: пациенттер нені білуі керек?

0

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңартылған стандартын енгізіп жатыр, қазіргі уақытта құжат талқылау кезеңінде. Құжатта пациенттердің қатерлі ісікке күдік туған сәттен бастап диагноз қойылып, мамандандырылған ем басталғанға дейінгі өтуі тиіс жолының нақты мерзімдері белгіленген, деп хабарлайды TengriHealth.
Қандай мерзімдерді белгілеу ұсынылады?
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жаңартылған стандарт пациент бағытын цифрлық бақылауды қарастыратынын және диагностика мен емдеудің негізгі кезеңдерінен өтудің бірыңғай мерзімдерін белгілейтінін түсіндірді.

7 жұмыс күніне дейінгі мерзімде пациент тіркелген жері бойынша емханада алғашқы зертханалық зерттеулерден, ультрадыбыстық және рентгенологиялық диагностикадан өтуі тиіс.
Диагнозды растау немесе жоққа шығару үшін компьютерлік және магниттік-резонанстық томография (КТ және МРТ), эндоскопиялық зерттеулер мен биопсия жүргізуге 10 жұмыс күніне дейін уақыт беріледі.
Егер пациентке ПЭТ/КТ, иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулерді қоса алғанда, мамандандырылған зерттеулер қажет болса, 20 жұмыс күніне дейін уақыт бөлінеді. Бұл тексерулер аурудың сатысын анықтау және ең қолайлы емдеу әдісін таңдау үшін қажет.
Диагноз расталғаннан кейін 30 жұмыс күніне дейінгі мерзімде дәрігерлер мультидисциплинарлық консилиум өткізіп, емдеудің жеке тактикасын айқындауы және терапияның түпкілікті жоспарын бекітуі тиіс.
Сондай-ақ онкологиялық орталықтан 200 шақырымнан астам қашықтықта тұратын пациенттер үшін қосымша 5 жұмыс күні қарастырылған. Бұл уақыт жолды ұйымдастыруға және қажетті тексерулерден өтуге жұмсалады.

Анықтама: Биопсия - бұл ауруды (мысалы, қатерлі ісікті) растау немесе жоққа шығару мақсатында зертханалық зерттеу үшін дәрігердің тіннің немесе жасушаның шағын фрагментін алатын медициналық процедурасы. ПЭТ-зерттеу (позиттронды-эмиссиялық томография, ПЭТ) - бұл ағзалардың құрылымын ғана емес, олардың қалай жұмыс істейтінін де көрсететін заманауи диагностикалық әдіс.
Онкологиялық көмекте не өзгерді?
Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі онкологиялық қызметтің жұмысы туралы мәліметтерді бөлісті.

"2025 жылдың қорытындысы бойынша қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтау үлесі 34 пайыздан асты. Сәулелік терапияның қолжетімділігі 65 пайызға жетті, ал пациенттердің бес жылдық өмір сүру деңгейі 65 пайызға дейін өсті", - делінген хабарламада.

Кейінгі бес жылда қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 14 пайызға төмендеп, қазіргі уақытта 100 мың тұрғынға шаққанда 62 жағдайды құрайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 251 мыңнан астам адам онкологиялық аурулар бойынша диспансерлік есепте тұр. Бұл ретте пациенттердің жартысынан көбі - еңбекке қабілетті жастағы адамдар.
Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің 43 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net