Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Жүргізуші болып бастаған: Сапар Сатаев Теміртау әкімі болып тағайындалды

0

Теміртау қаласының әкімі болып Сапар Сатаев тағайындалды. Бұған дейін ол Балқаш қаласының әкімі қызметін атқарған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Теміртау қаласының әкімі болып Сапар Сатаев тағайындалды. Жаңа басшыны Теміртау активіне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырып, қала басшысының алдына бірқатар басым міндеттер қойды.
Қарағанды облысы баспасөз қызметінің мәліметінше, Сапар Сатаевтың мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі мол, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін жақсы біледі.

"Балқаштағы жұмыс тәжірибесі оған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен тиімді өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе Теміртауда қала құраушы металлургиялық кәсіпорынмен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін табысты қолданылатынына сенімдімін. Оның басшылығымен жылу және сумен жабдықтауды жаңғырту, жолдарды жөндеу бойынша ауқымды жобалар іске асырылды, бұл коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді", – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сапар Сатаев туралы не белгілі?
Ол 46 жаста, Қарағанды облысында дүниеге келген. 2001 жылы Теміртау политехникалық колледжін "Автомобильдер мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу" мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
2018 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін бітіріп, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алды.
Еңбек жолы
Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы "Қазахавтодор" РМК-ның №45 жол пайдалану учаскесінде жүргізуші болып бастап, 2008 жылға дейін жұмыс істеді.
2008-2010 жылдар аралығында "Ботақара су қожалығы" КМК директорының орынбасары және директордың міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.
2010 жылдың қарашасында Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің әкімі болып тағайындалып, онда 2013 жылға дейін қызмет етті.
2013 жылдың тамызында Абай қаласы әкімінің міндетін атқарды, кейін Қарағанды облысы Абай қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл лауазымды 2015 жылдың маусымына дейін атқарды.
2015 жылдың тамыз-қараша айларында Осакаров ауданы әкімі аппаратында маман, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және терроризмге қарсы комиссия бөлімінің басшысының міндетін атқарушы және бөлім басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
2015 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін Бұқар Жырау ауданы әкімінің азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі бас инспекторы болды.
2015 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың мамырына дейін Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылдың мамырынан 2023 жылдың мамырына дейін Приозерск қаласының әкімі болып жұмыс істеді.
2023 жылдың мамыр айынан бастап Балқаш қаласының әкімі лауазымын атқарды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net