Роналду Әлем чемпионатында ерекше антирекорд орнатты
OptaJoe сараптамалық порталы мәліметінше, португалиялық форвард бірегей антирекорд иесі атанды. Криштиану Роналду Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойын үстінде гол соқпай ең көп матч өткізген - 10 ойын.
10 - ???????? Криштиану Роналду — ФИФА әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойын үстінде гол соқпаған ең көп матч өткізген шабуылшы (10).Жағымсыз көрсеткіш. #AskOpta https://t.co/mKtoAM7ZOz— OptaJoe (@OptaJoe) 16 шілде, 2026 жылӘлем чемпионаттарындағы бүкіл мансабында Криштиану Роналду плей-офф кезеңінде бар болғаны бір гол соқты - ол биылғы турнирдің 1/16 финалында Хорватия қақпасына соғылған пенальти (2:1).
Шығып қалу жүйесі бойынша өткен қалған барлық кездесуде португалиялық ойыншы көзге түсе алмады.
Роналду ӘЧ-2026-дан шығып қалды
Еске сала кетейік, Португалия құрамасы Әлем чемпионатының 1/8 финалына дейін жетіп, одан әрі өте алмады. Ширек финалға жолдама беретін матчте Роналду бастаған команда турнир фавориттерінің бірі Испания құрамасымен кездесті.
Кездесу тағдырын 90+1-минутта қосалқы құрамнан алаңға шыққан испаниялық Микель Мерино соққан жалғыз гол шешті.
Матчтің қорытынды есебі 0:1, Испания құрамасы жеңіске жетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы
Әлем чемпионатынан шығып кеткен Роналду жалақысыз қалды
