Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Семей орманындағы“ өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігі мен ҰҚК авиациясы тартылды

0

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға жүздеген маман мен авиация жұмылдырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология және табиғи ресурстар министрлігінің соңғы деректеріне сілтеме жасап.
Сағат 14:50-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге резерваттың мемлекеттік орман күзетінің 97 қызметкері мен 38 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ ТЖМ-нің 158 қызметкері мен 22 техникасы, ІІМ-нің 101 қызметкері мен 25 техникасы тартылды.
Бұдан бөлек, жұмысқа су төгу құрылғыларымен жабдықталған төрт әуе кемесі жұмылдырылды: "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның екі тікұшағы, Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ми-8 тікұшағы.
Жалпы әуе техникасымен 82 рет су төгу жұмыстары жүргізілді. "Қазавиаорманқорғау" тікұшақтары 58 рет, Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы 19 рет, ҰҚК-нің Ми-8 тікұшағы 5 рет су төкті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ауданы шамамен 60 гектарды құрайды. Өрт қарағайлы орман алқабында тіркелген, кей жерлерде төменгі өрт жоғарғы өртке ұласып жатыр", - делінген Экология министрлігі хабарламасында.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай бақылауда, өртті сөндіру барысы туралы сағат сайын жедел баяндама ұсынылады.

Еске сала кетейік, өрт 16 шілдеде сағат 09:45-те Абай облысы Бородулиха филиалының Камышенка орман шаруашылығының 57-кварталында тіркелген болатын.
Ресми мәлімет бойынша, өрт аумағында ауа температурасы +34 градус, солтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы секундына төрт метрге, екпіні секундына сегіз метрге дейін жетеді. Өңірде өрт қаупінің бесінші, төтенше класы сақталып отыр.
Бұған дейін өңір полицейлері өрт аймағына жақын орналасқан балалар лагерінен 190 бала мен 19 қызметкерді эвакуациялаған болатын. Сондай-ақ қоршау жұмыстары ұйымдастырылып, өрт сөндіруге қатысып жатқан ведомстволарға көмек көрсетіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың маусымында "Семей орманында" ірі орман өрті болған еді. Өрт аумағы 60 мың гектарға дейін жайылып, салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты. Кейін Бас прокуратура резерваттағы өрт алдында бақылау камераларының бірі ажыратылғанын хабарлады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net