Құрылтай сайлауын кімдер бақылайды? ОСК түсіндірді
Кімдер аккредиттелді?
ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, бүгінде үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 60 халықаралық бақылаушы аккредиттеуге ұсынылды.
Олардың ішінде:
ТМД бақылаушылар миссиясынан 4 бақылаушы;
ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан 19 бақылаушы;ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясынан 32 бақылаушы;
Мальдив Республикасының 2 өкілі, оның ішінде елдің сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары бар;Палестинаның Қазақстандағы елшісі, Астанада аккредиттелген дипломатиялық корпус басшысы;Венесуэланың Қазақстандағы елшісі;
Мажарстанның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі.
"Аккредиттеуге ұсыныстар түскен сайын бақылаушылар туралы мәлімет жаңартылып отырады", – деп толықтырды Мұхтар Ерман.
1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Сонымен қатар Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттардың өкілеттігі аяқталды. Жаңа Конституцияға сәйкес, елде екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы орган – Құрылтай жұмыс істейді.
Жаңа заң шығарушы орган депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленді. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Сайлауға 7 саяси партия жіберілді.Құрылтай сайлауы: ОСК науқанның негізгі күндерін бекітті
