Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Мессидің сүйіктісі“: ағылшындар ӘЧ жартылай финалына тағайындалған төрешіге наразылық білдірді

0
Ұлыбританиялық БАҚ әлем чемпионатының Англия - Аргентина жартылай финалына төреші Исмаил Эльфаттың тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Олар төреші бұра тартуы мүмкін деп қауіптенеді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Мароккодан шыққан америкалық төрешінің ресми тағайындалғаны бүгін белгілі болды.
Ағылшындардың қаупі Эльфаттың Месси мен оның командасы қатысқан төрт матчта төрелік етіп, оның бәрінде аргентиналықтардың жеңіске жеткенімен байланысты. Әсіресе, төрешінің соңғы әлем чемпионатының Аргентина - Франция финалына қатысқаны ерекше атап өтілді, ол ойын Мессидің жеңісімен аяқталған болатын.

"Мароккода туып, АҚШ-та өскен Эльфат тарихындағы ең үздік ойындардың бірі саналатын Аргентина мен Франция арасындағы финалдық айқасты бақылаған болатын. Қорытындысында матч 3:3 есебімен аяқталып, пенальти сериясында Аргентина 4:2 есебімен басым түсті – Месси екі гол соғып, басты кубокты басына көтерді. Сонымен қатар, Эльфат Мессимен жақсы таныс, өйткені ол "Интер Майамидің" төрт ойынында төрелік етті және Месси оның бәрінде жеңіске жетті", - деп жазады The Sun.

Өзге БАҚ өкілдері бұдан да өткір пікір жазып жатыр. Мақалаларда "Аргентинаның тілегі орындалды" немесе "Месси өзінің сүйікті төрешісіне қол жеткізді" деген пікірлер айтылып жатыр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

???????????????? HERE WE GO ???? (@liveherewego) жарияланымы


Аргентина құрамасы төңірегіндегі даулар
Еске салайық, бүкіл әлем чемпионаты бойы Аргентина командасына "ФИФА көмектесіп жатыр", ал төрешілер олардың қарсыластарына жасалған ереже бұзушылықтарды байқамайды деген айыптар тағылып келеді.
Мұндай әңгімелер алғашқы матчте-ақ басталды, сол кезде Месси қарсыласының аяғынан тепсе де, тіпті сары қағазбен де жазаланбаған еді.

As a Messi fan I must confess he's really been favoured by referee. That's a red card offence! Period! pic.twitter.com/y1CnqFIVfG
— RAZOR BLADE (@razorblade300) June 17, 2026
Аргентина - Мысыр арасындағы 1/8 финалдық кездесуден кейін африкалық команда басшылығы да төрешілікке шағымданды.

"Бұл анық қолдан жасалған матч болды және оны бүкіл әлем көрді. Егер олар Аргентинаның жеңгенін осыншалықты қатты қаласа, басқаларды қатысуға шақырудың не қажеті бар? Әлем чемпионатының маркетингтік индустрияға айналғаны айдан анық. Олар Мессидің шығып кеткенін қаламайды. Сол себепті бұл кездесуде әділдік болған жоқ. Месси босқа тойламауы керек", - деп мәлімдеді ойыннан кейін Мысыр құрамасының бас жаттықтырушысы Хоссам Хассан, ал федерация ФИФА-ға шағым түсірді.

Аргентинаның 1/4 финалдағы қарсыластары – Швейцария командасы да төрешілікке наразылық білдірді.

"Аргентиналықтардың барлық симуляциялары мен фолдары жазасыз қалды. Әдетте мен төрешілерге қарсы ештеңе айтпайтынмын, бірақ бүгінгідей біржақты ойынды ешқашан көрген емеспін", - деді Мануэль Аканджи кездесу аяқталғаннан кейін.

Көптеген дау-дамайдан кейін белсенділер ФИФА-дан Аргентинаны әлем чемпионатынан шығаруды талап ететін петиция жариялады. Оған 6 миллионнан аса адам қол қойды.
Аргентина - Англия: ӘЧ-2026 жартылай финалы
Еске салайық, Аргентина құрамасы Австрия, Алжир және Иорданиямен бір топтан бірінші орынмен шығып, кейін плей-оффта Кабо-Верде, Мысыр және Швейцария командаларын жеңген болатын.
Үш матчтің екеуінде аргентиналықтарға қосымша уақыт ойнауға тура келді.
Қазақстан уақытымен 16 шілдеге қараған түні олар әлем чемпионатының финалына шығу үшін Англия құрамасына қарсы ойнайды.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net